https://sputnik.kz/20250218/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-zhumysyn-zhalgastyryp-zhatyr-50972219.html
Каспий құбыр консорциумы жұмысын жалғастырып жатыр
Каспий құбыр консорциумы жұмысын жалғастырып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Каспий құбыр консорциумының халықаралық құбыр жүйесі "Теңіз-Новороссийск" бағыты бойынша мұнай тасымалын жалғастырып жатыр. Қазіргі... 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T18:41+0500
2025-02-18T18:41+0500
2025-02-18T18:42+0500
мұнай
каспий
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50965148_0:81:1560:959_1920x0_80_0_0_6f8ef9ca8a048b2079ca63f6ee79246a.jpg
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Каспий құбыр консорциумының халықаралық құбыр жүйесі "Теңіз-Новороссийск" бағыты бойынша мұнай тасымалын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілерден мұнай жаңартылған техникалық айдау мүмкіндіктеріне сәйкес қабылданып жатыр, деп хабарлайды Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі.Бас директор Николай Горбань жабдықтарды қарап шықаннан кейін бірден консорциумның Батыс өңірі басшылығы және мердігерлермен жедел жөндеу жұмыстары бойынша кеңес өткізді. Жиында қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу басты назарда болатыны айтылды.Еске сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында "Кропотинская" мұнай айдау станциясына бірнеше ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел әрі келісілген әрекеттерінің арқасында мұнай төгілу қаупі төнбеді. Ал мұнай тоқтатылған станцияны айналып өтіп, Тенгиз-Новороссийск құбыр желісі арқылы тасымалданады. Теңіз терминалында шикізатты экспортқа жөнелту штатты режимде жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылы "Кропотинская" мұнай айдау станциясы арқылы 63 миллион тоннадан астам мұнай жөнелтілді, оның 90 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі.
https://sputnik.kz/20241226/kaspiy-qubyr-konsortsiumynyn-toqtauy-elimizdegi-munay-ondiru-kolemine-aser-etken-zhoq-49574798.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50965148_87:0:1474:1040_1920x0_80_0_0_5a9d820ab4b0d4e4ffa291fd8d563221.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, каспий
Каспий құбыр консорциумы жұмысын жалғастырып жатыр
18:41 18.02.2025 (жаңартылды: 18:42 18.02.2025) АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Каспий құбыр консорциумының халықаралық құбыр жүйесі "Теңіз-Новороссийск" бағыты бойынша мұнай тасымалын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілерден мұнай жаңартылған техникалық айдау мүмкіндіктеріне сәйкес қабылданып жатыр, деп хабарлайды Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі.
Каспий құбыр консорциумы басшылығы "Кропоткинская" мұнай айдау станциясының аумағын егжей-тегжейлі тексеріп шықты. Тексеріс жұмыстарына арнайы мамандар қатысты. Оларға жуық арада келтірілген залалды бағалап, станцияның барлық қосалқы нысандарының жұмысын қалпына келтіру мерзімін ұсыну тапсырылды", - делінген хабарламада.
Бас директор Николай Горбань жабдықтарды қарап шықаннан кейін бірден консорциумның Батыс өңірі басшылығы және мердігерлермен жедел жөндеу жұмыстары бойынша кеңес өткізді. Жиында қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу басты назарда болатыны айтылды.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында "Кропотинская" мұнай айдау станциясына бірнеше ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел әрі келісілген әрекеттерінің арқасында мұнай төгілу қаупі төнбеді. Ал мұнай тоқтатылған станцияны айналып өтіп, Тенгиз-Новороссийск құбыр желісі арқылы тасымалданады. Теңіз терминалында шикізатты экспортқа жөнелту штатты режимде жүзеге асырылып жатыр.
2024 жылы "Кропотинская" мұнай айдау станциясы арқылы 63 миллион тоннадан астам мұнай жөнелтілді, оның 90 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі.