Каспий құбыр консорциумының тоқтауы еліміздегі мұнай өндіру көлеміне әсер еткен жоқ

© "Каспийский трубопроводный консорциум"Каспийский трубопроводный консорциум (КТК). Архивное фото
Каспийский трубопроводный консорциум (КТК). Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
Каспий құбыр консорциумының әкімшілігі мұнай құбырының тоқтауы Қазақстандағы мұнай өндірісінің төмендеуіне әсер еткенімен келіспейтінін жеткізді
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан энергетика министрінің "2024 жылдың 11 айындағы республикадағы мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне басқа фактормен қатар Каспий құбыр консорциумының жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтауы әсер етті" деген пікір айтты.
Каспий құбыр консорциумының әкімшілігі бұл пікірмен келіспейтінін жеткізіп, тиісті түсініктеме берді.
"2024 жылы КҚК жұмысында жүк жөнелтушілер үшін мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуіне әсер ететін шектеулер болмағанын хабарлаймыз. 2024 жылы жүк жөнелтушілер Теңіз-Новороссийск жүйесіне жеткізген мұнайдың барлық көлемі КҚК теңіз терминалына жеткізіліп, толық көлемде танкерлерге тиелді", - делінген КҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
КҚК сонымен қатар Каспий құбыр консорциумына жоспарлы профилактикалық жөндеу жүргізу мерзімі "Қазақстандағы жүк жөнелтушілерге алдын ала хабарланатынын", сонымен қатар Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдаудың жылдық кестесін құру кезінде Қазақстанның энергетика министрлігінің де пікірі ескерілетінін хабарлады. Осылайша, мұнай өндіру және КҚК мұнай құбыры арқылы тасымалдау процесіне барлық қатысушының жұмыс жоспары қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, хабарламада Каспий құбыр консорциумының акционерлері КҚК қаржылық көрсеткіштеріне әсер ететін фактор ретінде жүк жөнелтушілердің мұнай жеткізу көлеміне қатысты өз міндеттемелерін орындау мәселелерін бірнеше рет талқылағаны көрсетілген.
 Резервуар КТК. КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Каспий құбыр консорциумы бір айлақ құрылғыны қолданыстан шығарды
Жаңалықтар
0