https://sputnik.kz/20240424/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-bir-aylaq-qurylgyny-qoldanystan-shygardy-43884640.html
Каспий құбыр консорциумы бір айлақ құрылғыны қолданыстан шығарды
Каспий құбыр консорциумы бір айлақ құрылғыны қолданыстан шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жоспарлы жұмыстарға байланысты бір оқшауланған айлақ құрылғысы істен шығарылды, деп хабарлайды Каспий құбыр консорциумы (КҚК). 24.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-24T19:45+0500
2024-04-24T19:45+0500
2024-04-24T19:45+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_0:85:3072:1813_1920x0_80_0_0_d5ba838cd24e283ada3f091a5fde57e4.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жоспарлы жұмыстарға байланысты бір оқшауланған айлақ құрылғысы істен шығарылды, деп хабарлайды Каспий құбыр консорциумы (КҚК).Бұл туралы Астанада өткен "КҚК-К" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында айтылды.Шарада консорциумның бас директоры Николай Горбан баяндама жасады.Ол 2024 жылдың басынан бері теңіз терминалындағы 192 танкерге 21,1 миллион тонна мұнай тиелгенін айтты. Жүк жөнелтушілердің барлық өтініштері уақтылы және толық көлемде орындалып жатыр.Кездесуге қатысушылар сонымен қатар Консорциумның өндірістік нысандары орналасқан аумақтарда және Атырау облысы әкімдігінің штабымен тығыз байланыста КҚК тобы мен оның мердігерлері жүргізген су тасқынына қарсы шараларды талқылады.Кәсіпорынның өндірістік және желілік нысандарындағы барлық жұмыстар толықтай дерлік аяқталды, "Атырау" мұнай айдау станциясына ерекше көңіл бөлінді.Әкімдіктің тапсырысы бойынша Жайық өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс алаңдарында 40-тан астам арнайы техника, оның ішінде 28 самосвал, сонымен қатар экскаваторлар, бульдозерлер, жол төсейтін машиналар пайдаланылды. Бөгет салу мен нығайтуда геотекстильдер мен құм салынған қаптар пайдаланылды.КҚК су деңгейі одан әрі көтерілген жағдайда, оның ішінде қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау үшін көмек көрсетуді жалғастыруға дайын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_6585708f763d6237de3ac0c51457465d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жоспарлы жұмыстарға байланысты бір оқшауланған айлақ құрылғысы істен шығарылды, деп хабарлайды Каспий құбыр консорциумы (КҚК).
"Қазіргі уақытта жерүсті және су асты шлангілерін ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты ОАҚ-2 істен шығарылды, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ОАҚ-1-де де осындай шаралар жүргізіледі", - делінген компанияның хабарламасында.
Бұл туралы Астанада өткен "КҚК-К" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында айтылды.
Шарада консорциумның бас директоры Николай Горбан баяндама жасады.
Ол 2024 жылдың басынан бері теңіз терминалындағы 192 танкерге 21,1 миллион тонна мұнай тиелгенін айтты. Жүк жөнелтушілердің барлық өтініштері уақтылы және толық көлемде орындалып жатыр.
Кездесуге қатысушылар сонымен қатар Консорциумның өндірістік нысандары орналасқан аумақтарда және Атырау облысы әкімдігінің штабымен тығыз байланыста КҚК тобы мен оның мердігерлері жүргізген су тасқынына қарсы шараларды талқылады.
Кәсіпорынның өндірістік және желілік нысандарындағы барлық жұмыстар толықтай дерлік аяқталды, "Атырау" мұнай айдау станциясына ерекше көңіл бөлінді.
Әкімдіктің тапсырысы бойынша Жайық өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс алаңдарында 40-тан астам арнайы техника, оның ішінде 28 самосвал, сонымен қатар экскаваторлар, бульдозерлер, жол төсейтін машиналар пайдаланылды. Бөгет салу мен нығайтуда геотекстильдер мен құм салынған қаптар пайдаланылды.
КҚК су деңгейі одан әрі көтерілген жағдайда, оның ішінде қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау үшін көмек көрсетуді жалғастыруға дайын.