1,5 мыңнан астам салымшы тартылған қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Салымшылар ұйымға жалпы сомасы 6,8 млрд теңге қаржы құйған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Абай облысында тұтыну кооперативі түрінде жасырылған "ELL QUATY" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Ұйымдастырушылар азаматтарды "HALYK QUATY" кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендірген және пайлық жарналарды енгізуді ұсынған.
"halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халықтық кооператив" деген жалған бейне қалыптастырған. "HALYK" тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы "ELL QUATY" болып өзгертілген", - дейді ведомстводағылар.
Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.
Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына "QAZ INFO MARKET" ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.
Пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.️ Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Алматыда "Amir Capital" қаржы пирамидасы жойылды
Жаңалықтар
0