https://sputnik.kz/20251123/ukimet-aleumettik-manyzy-bar-tauarlar-tizbesin-keneytu-mumkindigin-qarastyryp-zhatyr-59031609.html
Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр
Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталған 23.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-23T10:39+0500
2025-11-23T10:39+0500
2025-11-23T10:39+0500
үкімет
азық-түлік
баға
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32104832_0:371:957:909_1920x0_80_0_0_921dfca97dac9313ca8b963f7c4c6227.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Үкіметтегі инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кезекті кеңесте әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастыру мақсатында азық-түлік себетіне жүргізілген талдаудың алдын ала нәтижелері ұсынылды.Қарашаның үшінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қазан айында азық-түлік инфляциясына ең жоғары үлес қосқан өнімдер қатарында мыналар бар:Сонымен бірге, жылдық көрсеткіш бойынша, яғни өткен жылғы 10 аймен салыстырғанда қызанақ 36,6%-ға, қияр 43,4%-ға арзандаған.Барлық өңірдің азық-түлік инфляциясына қатысты талдауы нәтижесінде баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталған. Олардың ішінде түрлі ет, балық, алмұрт, алма, лимон, шай, сыр, суықтай қақталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр және басқа да азық-түлік тауарлары бар.Тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді. Мәселен, мәмілелер ашықтығын қамтамасыз ету, шарттарды рәсімдеу, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақтылы шығару, сондай-ақ заңнамада белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау.
https://sputnik.kz/20251105/azyq-tulik-bagasyn-ustap-turu-ushin-qosymsha-sharalar-qolga-alynady--ministrlik-58477478.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32104832_0:281:957:999_1920x0_80_0_0_564d9ec581ba7efb94b962071524d784.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, азық-түлік, баға
Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр
Баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталған
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Үкіметтегі инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кезекті кеңесте әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастыру мақсатында азық-түлік себетіне жүргізілген талдаудың алдын ала нәтижелері ұсынылды.
Қарашаның үшінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қазан айында азық-түлік инфляциясына ең жоғары үлес қосқан өнімдер қатарында мыналар бар:
Сонымен бірге, жылдық көрсеткіш бойынша, яғни өткен жылғы 10 аймен салыстырғанда қызанақ 36,6%-ға, қияр 43,4%-ға арзандаған.
Барлық өңірдің азық-түлік инфляциясына қатысты талдауы нәтижесінде баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталған. Олардың ішінде түрлі ет, балық, алмұрт, алма, лимон, шай, сыр, суықтай қақталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр және басқа да азық-түлік тауарлары бар.
"Бұл өнімдердің арасында импорт үлесі жоғары тауарлар да, көбіне айлық инфляцияға әсер етіп, жылдық инфляцияға айтарлықтай ықпал етпейтін позициялар да кездеседі. Осы тізімнің ішінен әлеуетті түрде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізуге болатын 23 позиция іріктелді. Ендігі міндет – бұл ұсыныстарды бизнес өкілдерімен талқылау", — деді Айжан Бижанова.
Тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді. Мәселен, мәмілелер ашықтығын қамтамасыз ету, шарттарды рәсімдеу, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақтылы шығару, сондай-ақ заңнамада белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау.