https://sputnik.kz/20251123/otyz-zhylda-birde-bir-ret-zhol-erezhesin-buzbagan-zhurgizushi-marapattaldy-59035927.html
Отыз жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды
Отыз жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 қараша - Sputnik. Қарағандыда 30 жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әйел жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 23.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-23T19:15+0500
2025-11-23T19:15+0500
2025-11-23T19:15+0500
жол жүру ережесі
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0e/40914386_0:0:2943:1655_1920x0_80_0_0_2c0431fe11b4b530f59f6d6e4d64bf05.jpg
АЛМАТЫ, 23 қараша - Sputnik. Қарағандыда 30 жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әйел жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға арналған “Үлгілі жүргізуші” акциясы жалғасуда. Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға алғыс білдіруде. Осындай үлгілі азаматтардың бірі — 30 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Светлана Швачкина. Ол бірде-бір рет жол қозғалысы ережесін бұзбаған және жол-көлік оқиғасына қатысы болмаған.Полиция өкілдерінің айтуынша, акция аясында облыс орталығында 100-ге жуық жүргізушіге осындай құрмет көрсетілген. Мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында ереже сақтауды насихаттау.
https://sputnik.kz/20251104/tarazda-bir-ayda-91-ret-zhol-erezhesin-buzgan-zhurgizushi-ustaldy-58442615.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0e/40914386_212:0:2943:2048_1920x0_80_0_0_c8f81a2771051418b86d467e5445e78c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, қарағанды
жол жүру ережесі, қарағанды
Отыз жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды
АЛМАТЫ, 23 қараша - Sputnik. Қарағандыда 30 жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әйел жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға арналған “Үлгілі жүргізуші” акциясы жалғасуда. Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға алғыс білдіруде. Осындай үлгілі азаматтардың бірі — 30 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Светлана Швачкина. Ол бірде-бір рет жол қозғалысы ережесін бұзбаған және жол-көлік оқиғасына қатысы болмаған.
"Көлік жүргізіп келе жатқаныма 30 жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде ешқашан ереже бұзған емеспін. Бүгінде жолда жүріс-тұрыс мәдениетін қаладағы №95 мектеп-гимназиясында балаларға үйретіп жүрмін. Онда “Сирена” жас жол қозғалысы инспекторлары үйірмесін басқарамын. Жол қауіпсіздігін мектеп қабырғасынан бастап үйрету маңызды", — деді Светлана Швачкина.
Полиция өкілдерінің айтуынша, акция аясында облыс орталығында 100-ге жуық жүргізушіге осындай құрмет көрсетілген. Мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында ереже сақтауды насихаттау.