Таразда бір айда 91 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

© Photo : ДВД Алматинской областиПатрульдік полиция көлігі
Патрульдік полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
Жүргізуші "Қорғау" интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Таразда 91 рет құқық бұзушылық жасаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл даңғылында полицейлер бірнеше ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты.
Ер адам жылдамдықты бірнеше рет асырған және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемеген.
Жүргізуші "Қорғау" интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылаудың тиімділігін арттырады.Мұндай цифрландыру және заманауи технологиялар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналып отыр, дейді полицейлер.
Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Жаңалықтар
0