Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
Құқық бұзушы қарсы жолаққа шығып, жол жиегімен жүрген
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Алматы облысында көлік жүргізуші қарсы бағытпен жүріп, көптеген көлікке кедергі келтірген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
"Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған және сол арқылы басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізушіні анықтап, аудандық бөлімшеге жеткізді", - деді ведомство.
Құқық бұзушы қарсы жолаққа шығып, жол жиегімен жүргені, маневр кезінде сигнал бермегені, сондай-ақ көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
"Сонымен қатар жүргізушімен мұндай әрекеттерге жол бермеу және олардың ықтимал ауыр зардаптары туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді облыстық полиция департаменті.
Жаңалықтар
0