https://sputnik.kz/20251122/soltustik-qazaqstandagy-arnayy-ekonomikalyq-aymaqty-damytuga-96-mlrd-tenge-bolindi-59001348.html
Солтүстік Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақты дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді
Солтүстік Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақты дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді, деп... 22.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-22T11:59+0500
2025-11-22T11:59+0500
2025-11-22T12:00+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/16/59000080_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_bab88a109b58f7f65ac57e8e7e7766fe.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Үкімет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді.Қазіргі таңда Qyzyljar АЭА-ға 20-дан астам қатысушы тіркелген, олардың жалпы жарияланған инвестициясының көлемі 317,1 млрд теңгені құрайды, бұл 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құны 28,4 млрд теңге болатын 5 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.Қазіргі уақытта АЭА аумағында сумен жабдықтау және жауын суын бұруға арналған кәріз жұмыстары аяқталды. №3 қосалқы аймаққа арналған теміржол желілерінің құрылысы басталды. Бұл ретте жылу желілерін тарту, жолдар, дренаж жүйесі, байланыс желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20251117/qaytarylgan-aktivter-zhambyl-oblysynda-auyl-turgyndary-auyz-sumen-qamtamasyz-etildi-58857673.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/16/59000080_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_962f76a9463fdb5f5f58d449a86f06c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді.
Қазіргі таңда Qyzyljar АЭА-ға 20-дан астам қатысушы тіркелген, олардың жалпы жарияланған инвестициясының көлемі 317,1 млрд теңгені құрайды, бұл 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құны 28,4 млрд теңге болатын 5 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
"Бөлінген қаражат есебінен жаңа инфрақұрылым мен инженерлік коммуникациялар салу экономиканың келешегі зор салаларында, мысалы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, АӨК сияқты және басқа да салаларда тағы 16 инвестициялық жобаны іске қосуды жеделдетеді. Инвестициялардың жиынтық көлемі 279 млрд теңгені құрайды, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта АЭА аумағында сумен жабдықтау және жауын суын бұруға арналған кәріз жұмыстары аяқталды. №3 қосалқы аймаққа арналған теміржол желілерінің құрылысы басталды. Бұл ретте жылу желілерін тарту, жолдар, дренаж жүйесі, байланыс желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.