Баласын тастап, қыдыруға кеткен: Павлодарда ата-аналар жауапқа тартылды

© PhotoАкцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные
Акцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Жазылу
Пәтерде 2016, 2018 және 2024 жылы туған үш бала үлкендердің қарауынсыз қалған
АЛМАТЫ, 22 қараша - Sputnik. Павлодар облысында баласын қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полиция департаменті 220 мыңнан астам тұрғын үйді тексерген. Тексеру нәтижесінде 289 құқықбұзушы жауапқа тартылды.
"Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін 2250 павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрақты мекенжайы жоқ 499 адам ұсталып, олардың 125-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды", - дейді ведомство.
Полиция тұрмысы төмен және қолайсыз отбасыларды да тексерді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін шамамен 300 құқықбұзушы жауапқа тартылды.
"Мәселен, тұрғылықты мекенжай бойынша тексеру барысында полицейлер бір пәтерде 2019 және 2020 жылы туған кәмелетке толмаған екі бала жалғыз отырғанын анықтады. Тағы бір жағдайда пәтерде 2016, 2018 және 2024 жылы туған үш бала ересектерсіз қалған. Аналары балаларын тастап, құрбыларымен қыдыруға кеткен", - дейді полиция.
Ведомствоның мәліметінше жауапсыз ата-аналар заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылды.
Стресс. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
"Түнімен телефон шұқыған": баласын ұрған ауыл тұрғынына сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0