"Түнімен телефон шұқыған": баласын ұрған ауыл тұрғынына сот үкімі шықты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтресс. Архивное фото
Стресс. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Жазылу
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді
АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Жамбыл облысында сот баласын ұрған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың шілдесінде сағат 12.00 шамасында Жаңатас ауылының тұрғыны түні бойы телефон шұқып, таңертең уақытында оянбағаны үшін ұлына ашуланып, "тәрбиелеу" мақсатында оның бетінен ұрған.
"Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Жәбірленушінің өкілі (баланың анасы) күйеуін кешіретінін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Сот кінәсін мойындап, шын жүректен өкінгенін және жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза кесілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Детское насилие - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Баласын ұрған ата-аналар түрмеге тоғытылуы мүмкін – заң талаптары
Жаңалықтар
0