https://sputnik.kz/20251121/toqaev-armeniya-premer-ministrimen-qanday-kelisimge-kelgenin-aytty--58987886.html
Тоқаев Армения премьер-министрімен қандай келісімге келгенін айтты
Тоқаев Армения премьер-министрімен қандай келісімге келгенін айтты
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді 21.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-21T15:36+0500
2025-11-21T15:36+0500
2025-11-21T15:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
армения
никол пашинян
келісім
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58987960_0:101:1280:821_1920x0_80_0_0_20254f0a489cf55acb59a250d3224333.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Ақордада өткен келіссөздерді қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жақында Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді.Президенттің айтуынша, өзара сауда айналымын ұлғайту үшін Қазақстан армян нарығына жалпы құны 350 миллион доллар болатын тауар ұсына алады. "Сондай-ақ біз Арменияның экспорттық әлеуетін қолдауға ниет білдірдік. Оған қоса, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттік. Кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтатын нақты қадамдарды қолға алуға келістік. Жаңадан құрылған Қазақстан – Армения іскерлік кеңесі екі ел бизнес өкілдерінің басын қосып, екі жаққа да тиімді жобаларды жүзеге асыруға тиіс", – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.Тоқаев пен Пашинян келіскен басқа да мәселелер:Келіссөздер кезінде өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, құрылыс және басқа да салалардағы серіктестікті дамыту жайы да талқыланды. Қазақстан Арменияның көлік-транзит саласындағы "Бейбітшілік қиылысы" бастамасын қолдайды.
https://sputnik.kz/20251121/toqaev-armeniya-premerin-altyn-qyran-ordenimen-marapattady-58984000.html
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58987960_26:0:1254:921_1920x0_80_0_0_8cb80e93b6c277da5c1af4be1538ae56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, армения, никол пашинян, келісім
қасым-жомарт тоқаев, армения, никол пашинян, келісім
Тоқаев Армения премьер-министрімен қандай келісімге келгенін айтты
15:36 21.11.2025 (жаңартылды: 15:37 21.11.2025) Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Ақордада өткен келіссөздерді қорытындылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді.
"Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі", – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, өзара сауда айналымын ұлғайту үшін Қазақстан армян нарығына жалпы құны 350 миллион доллар болатын тауар ұсына алады.
"Сондай-ақ біз Арменияның экспорттық әлеуетін қолдауға ниет білдірдік. Оған қоса, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттік. Кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтатын нақты қадамдарды қолға алуға келістік. Жаңадан құрылған Қазақстан – Армения іскерлік кеңесі екі ел бизнес өкілдерінің басын қосып, екі жаққа да тиімді жобаларды жүзеге асыруға тиіс", – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Тоқаев пен Пашинян келіскен басқа да мәселелер:
жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу;
келесі жылы Alem.ai негізінде Арменияның TUMO Astana халықаралық білім беру орталығы ашу;
алдағы жылдары Қазақстанның Армениядағы, Арменияның Қазақстандағы медицина күндерін өткізу.
Келіссөздер кезінде өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, құрылыс және басқа да салалардағы серіктестікті дамыту жайы да талқыланды. Қазақстан Арменияның көлік-транзит саласындағы "Бейбітшілік қиылысы" бастамасын қолдайды.
"Сондай-ақ біз "TRIPP халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы" жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанымызды растаймыз. Осы стратегиялық дәліздерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен және Солтүстік-Оңтүстік дәлізімен ұштастыру екі елдің де мүддесіне сай келеді", – деді Тоқаев.