https://sputnik.kz/20251121/toqaev-armeniya-premerin-altyn-qyran-ordenimen-marapattady-58984000.html
Тоқаев Армения премьерін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Тоқаев Армения премьерін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
Президент қазақ-армян мемлекетаралық байланысы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді 21.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-21T14:05+0500
2025-11-21T14:05+0500
2025-11-21T14:05+0500
қасым-жомарт тоқаев
армян диаспорасы
орден
никол пашинян
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58983208_0:44:1280:764_1920x0_80_0_0_7d1a22af575f746a9a1ba25d95c67aba.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министр Никол Пашинянды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада қазақстандықтар Никол Пашинянды Арменияның дамуына жаңа леп әкелген, мемлекеттік құрылымның барлық салада қайта жаңғыруына тың серпін берген жалпыұлттық көшбасшы деп білетінін жеткізді.Оның пікірінше достас, бауырлас Армения бейбітшілік, орнықты даму жолын таңдағаны анық.Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде қазақ-армян мемлекетаралық байланысы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді."Бұл іске Сіздің елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуға белсенді атсалысуыңыз айтарлықтай ықпал етті. Қазақ-армян қарым-қатынасын дамытудағы үлкен үлесіңіз бен айрықша еңбегіңізді ескере отырып, бүгін Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – мызғымас бауырластығымыздың, өзара берік сенімнің және халықтарымыздың келешегі жолындағы ортақ ұмтылыстарымыздың жарқын символы", – деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58983208_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_602fee7f6055dae0f4fdcbf9ac019916.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, армян диаспорасы, орден, никол пашинян
қасым-жомарт тоқаев, армян диаспорасы, орден, никол пашинян
Тоқаев Армения премьерін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Президент қазақ-армян мемлекетаралық байланысы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министр Никол Пашинянды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада қазақстандықтар Никол Пашинянды Арменияның дамуына жаңа леп әкелген, мемлекеттік құрылымның барлық салада қайта жаңғыруына тың серпін берген жалпыұлттық көшбасшы деп білетінін жеткізді.
"Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Армения орнықты даму жолына түсіп, халықаралық аренадағы позициясын нығайтты. Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясатта парасатты, жауапты ұстанымымен үлгі көрсетіп отыр. Сіз өте күрделі геосаяси ахуалда қалыптан тыс әрі батыл шешім қабылдадыңыз. Түптің түбінде бұл армян халқына пайдасын тигізетін өте құнды шешім болды", – деді Қазақстан президенті.
Оның пікірінше достас, бауырлас Армения бейбітшілік, орнықты даму жолын таңдағаны анық.
"Бұл істе Сіздің тарихи еңбегіңіз зор. Вашингтонда қабылданған Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісімді ілгерілетуде елеулі рөл атқарғаныңызды атап өткім келеді", – деп толықтырды мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде қазақ-армян мемлекетаралық байланысы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді.
"Бұл іске Сіздің елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуға белсенді атсалысуыңыз айтарлықтай ықпал етті. Қазақ-армян қарым-қатынасын дамытудағы үлкен үлесіңіз бен айрықша еңбегіңізді ескере отырып, бүгін Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – мызғымас бауырластығымыздың, өзара берік сенімнің және халықтарымыздың келешегі жолындағы ортақ ұмтылыстарымыздың жарқын символы", – деді президент.