Қазақстан мен Армения 15 құжатқа қол қойды

© Photo : Акорда
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Арменияның үкімет мүшелері 15 құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президенті мен Армения премьер-министрінің қатысуымен ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
1.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім;2.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім;3.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;4.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;5.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;6.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Армения Республикасы Экономика министрлігі арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттығы жөніндегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;7.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сырты істер министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;8.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2026-2027 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары;9.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Арменияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Қазақстан-Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім;10.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Арменияның Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;11.
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КеАҚ пен Арменияның Кино қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;12.
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі мен "Арменияның Ұлттық галереясы" арнайы ғылыми-зерттеу бірлестігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;13.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;14.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ғылым және жоғары білім саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;15.
Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.