https://sputnik.kz/20251120/senat-byudzhetten-transfertter-boluge-qatysty-zandy-mazhiliske-qaytardy-58925065.html
Сенат бюджеттен трансферттер бөлуге қатысты заңды мәжіліске қайтарды
Сенат бюджеттен трансферттер бөлуге қатысты заңды мәжіліске қайтарды
Sputnik Қазақстан
Сенаторлар облыстарға бөлінетін қаржы жеткіліксіз деп отыр 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T11:18+0500
2025-11-20T11:18+0500
2025-11-20T11:18+0500
сенат
сенат депутаттары
бюджет
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_0:168:3045:1881_1920x0_80_0_0_676704b1bea378fed4aec196c4026eb1.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары алдағы үш жылға бюджеттен облыстар мен ірі қалаларға трансферттер бөлуге қатысты заңды мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Құжатқа сәйкес, алдағы үш жылда өңірлерді дамытуға бюджеттен барлығы 9,1 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Бірақ сенаторлар облыстарға бөлінетін қаржы жеткіліксіз деп отыр.Оның айтуынша, өңірлік стандарттар жүйесінің қамту деңгейін тек 1 пайызға арттыру үшін Ұлытауға 10 миллиард қажет болады.Жоғары палата заңға өз ұсынысын енгізіп, мәжіліске қайтарды.
https://sputnik.kz/20251120/ukimet-benzin-bagasyna-engizilgen-moratoriy-ayaqtalatyn-uaqytty-naqtylady-58923024.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_e8fe68fb2d04a489208434928d61a1b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, сенат депутаттары, бюджет, бюджет қаражаты
сенат, сенат депутаттары, бюджет, бюджет қаражаты
Сенат бюджеттен трансферттер бөлуге қатысты заңды мәжіліске қайтарды
Сенаторлар облыстарға бөлінетін қаржы жеткіліксіз деп отыр
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары алдағы үш жылға бюджеттен облыстар мен ірі қалаларға трансферттер бөлуге қатысты заңды мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құжатқа сәйкес, алдағы үш жылда өңірлерді дамытуға бюджеттен барлығы 9,1 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Бірақ сенаторлар облыстарға бөлінетін қаржы жеткіліксіз деп отыр.
"Тіпті қазіргі есептеулердің өзінде елімізде барлық өңірдің өңірлік стандарттар жүйесін 100%-ға жеткізу үшін 26 триллион теңге қажет. Оның ішінде Ұлытау облысына 446 миллиард теңге керек, - дейді осы облыстан сайланған сенатор Серік Шайдаров.
Оның айтуынша, өңірлік стандарттар жүйесінің қамту деңгейін тек 1 пайызға арттыру үшін Ұлытауға 10 миллиард қажет болады.
"Осы тұрғыдан алғанда, 2026 жылға Ұлытау облысына берілуге тиіс субвенция көлемі 139 миллиард теңге болуға тиіс. Алайда ұсынылып отырған субвенция көлемі – 59 миллиард теңге, бұл 2025 жылғы деңгейден өзгермеген", - деп атап өтті сенатор.
Жоғары палата заңға өз ұсынысын енгізіп, мәжіліске қайтарды.