Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы табылды

© Photo : Polisia.kzПолиция Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруын тапты
Полиция Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруын тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Қару Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішіне жасырылған
АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруы табылды.
"Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды", - деп жазды ведомство.
Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды.
Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматының Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен алынған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Демонстранты собираются перед полицией во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: археологты өлтірген әскери қызметкер сотталды
Жаңалықтар
0