https://sputnik.kz/20250207/qantar-oqigasy-arkheologty-oltirgen-askeri-qyzmetker-sottaldy-50637327.html
Қаңтар оқиғасы: археологты өлтірген әскери қызметкер сотталды
Қаңтар оқиғасы: археологты өлтірген әскери қызметкер сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Алматы гарнизоны әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпоровты өлтірген әскери қызметкерге қатысты сот үкімі... 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T12:15+0500
2025-02-07T12:15+0500
2025-02-07T12:15+0500
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094464_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_75cc8d186030b77814f5d43625a5d422.jpg
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Алматы гарнизоны әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпоровты өлтірген әскери қызметкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады ведомство. Сот отырысы жабық режимде өтті. Әскери қызметкерге Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану" бойынша іс қаралды.Сотталушы кінәсін мойындамады."Сот шешімімен сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан да айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 20 млн теңге моральдық залал өндірілді", - дейді Алматы қалалық әскери соты.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетейік, Ерлан Жағыпаров – археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін мәйітханадан табылды. Марқұмның денесінде азаптау іздері мен оқ жарақаты болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094464_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd28ce3b211a4ed4c419d254332c095b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Алматы гарнизоны әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпоровты өлтірген әскери қызметкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады ведомство.
Сот отырысы жабық режимде өтті. Әскери қызметкерге Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану" бойынша іс қаралды.
"Сотталушы билік өкілі бола отырып, өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс әрекеттер жасады. Салдарынан ауыр зардаптар - екі жәбірленушінің өліміне алып келді", - деп жазды әскери сот.
Сотталушы кінәсін мойындамады.
"Сот шешімімен сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан да айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 20 млн теңге моральдық залал өндірілді", - дейді Алматы қалалық әскери соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Ерлан Жағыпаров – археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін мәйітханадан табылды. Марқұмның денесінде азаптау іздері мен оқ жарақаты болған.