Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Украина бойынша бейбіт келіссөзді қалпына келтіруге көмектесе алады – сарапшы

© AFP 2024 / BULENT KILICГолубая мечеть в Стамбуле
Голубая мечеть в Стамбуле - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Анкара Украина бойынша тоқтап тұрған бейбіт процесті қайта жандандыруға ықпал ете алады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Түркияның Сыртқы саясатты зерттеу орталығының (TUDPAM) вице-президенті Мұстафа Метин Кашлылар айтты.
Украина басшысы Владимир Зеленский алдағы Түркияға сапары аясында келіссөз процесін жандандырып, тұтқын алмасуды қайта бастауға ниетті екенін мәлімдеді.
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәлімдемеге түсініктеме бере отырып, Ыстанбұлдағы байланыс әзірге Ресейдің қатысуынсыз өтіп жатқанын және Мәскеу Киевтен келіссөзді қайта бастауға ниетті екендігі туралы ақпарат алмағанын айтты.
Песковтың сөзінше, Зеленский диалогты жандандыру туралы айтқанда, Түркиямен байланысты меңзеген болса керек, оған АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф та қосылуы мүмкін.
Здание Белого дома - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша Ресеймен жасырын кеңесіп жатыр – БАҚ
Жаңалықтар
0