Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша Ресеймен жасырын кеңесіп жатыр – БАҚ

© AFP 2024 / MANDEL NGANЗдание Белого дома
Здание Белого дома - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жазылу
Қақтығысты тоқтату жоспарына АҚШ президентінің өкілі Стив Уиткофф жауапты болады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа жоспарын әзірлеу үшін Ресеймен "құпия кеңестер" жүргізіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости америкалық Axios басылымына сілтеме жасай отырып.
Басылым журналистері ресейлік және америкалық дереккөздерге сілтеме жасаған.
"Трамп әкімшілігі Украинадағы соғысты тоқтатудың жаңа жоспарын әзірлеу бойынша Ресеймен жасырын түрде кеңесіп жатыр", - деп хабарлады АҚШ және Ресей шенеуніктері Axios басылымына.
АҚШ жоспары 28 тармақтан тұрады. Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігі жоспарға оптимистік көзқараспен қарайтынын айтқан.
Киев пен оның еуропалық одақтастарының бұл жоспарға деген көзқарасы әзірге белгісіз.
"Axios дереккөздерінің мәліметі бойынша жоспардың 28 тармағы төрт негізгі санатқа бөлінген: Украинадағы бейбітшілік, қауіпсіздік кепілдігі, Еуропадағы қауіпсіздік және АҚШ-тың Ресей және Украинамен болашақ қарым-қатынасы. Жоспардың Украинаның шығысындағы аумақтық бақылау сияқты даулы мәселелерді қалай шешетіні белгісіз", - деп жазылған басылымда.
Жоспарды АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф бақылайды.
Ресей президентінің шетелдермен инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев 24 қазанда ресейлік делегациямен бірге АҚШ-қа барды. Бұған дейін ол АҚШ шенеуніктерімен кездесуде тұтқын алмасу сияқты гуманитарлық мәселелерді талқылағанын айтқан.
Жаңалықтар
0