https://sputnik.kz/20251119/sadenov-prezidentke-biyl-qylmys-azayganyn-zhetkizdi-58896099.html
"Төрт мың сайт бұғатталды": Сәденов президентке қылмыс азайғанын жеткізді
"Төрт мың сайт бұғатталды": Сәденов президентке қылмыс азайғанын жеткізді
Sputnik Қазақстан
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T12:19+0500
2025-11-19T12:19+0500
2025-11-19T12:22+0500
қылмыс
ауыр қылмыс
ержан сәденов
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/13/58896229_41:0:3682:2048_1920x0_80_0_0_87225acff3e3146eb21a53239f321792.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанда қылмыс саны 10 айда 5,3 мыңға азайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекет басшысына айтты, деп хабарлайды Ақорда.Оның айтуынша қылмыстың ізін суытпай ашу деңгейі жақсарған.Президентке берілген мәліметке сәйкес, іздеуде жүрген 1 391 адам ұсталған. Олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды. Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды. Оның жетеуі шетелде орналасқан.Мемлекет басшысына жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер таныстырылды. Мәселен, дрондар көмегімен 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім саны 9,4 пайызға, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізушілер кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар 24 пайызға азайды.Сонымен қатар мемлекет басшысына экстремизмге қарсы күрес пен көші-қонды бақылау шаралары жөнінде баяндалды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20251117/shymkentte-dronnyn-komegimen-44-zhastagy-ayel-qylmys-ustinde-ustaldy-58834576.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/13/58896229_496:0:3227:2048_1920x0_80_0_0_6bf029b2cd8922be4d32566150495824.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, ауыр қылмыс, ержан сәденов, қасым-жомарт тоқаев
қылмыс, ауыр қылмыс, ержан сәденов, қасым-жомарт тоқаев
"Төрт мың сайт бұғатталды": Сәденов президентке қылмыс азайғанын жеткізді
12:19 19.11.2025 (жаңартылды: 12:22 19.11.2025) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанда қылмыс саны 10 айда 5,3 мыңға азайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекет басшысына айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Оның айтуынша қылмыстың ізін суытпай ашу деңгейі жақсарған.
"Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс саны – 8 пайыз, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар 26 пайыз азайды", - деді министр.
Президентке берілген мәліметке сәйкес, іздеуде жүрген 1 391 адам ұсталған. Олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды. Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды. Оның жетеуі шетелде орналасқан.
"Шамамен 83 миллион фрод-қоңырау және 4 мың алаяқтықпен айналысқан сайт бұғатталды. Сондай-ақ алаяқтардың 2,3 миллиард теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды", - деді Сәденов.
Мемлекет басшысына жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер таныстырылды. Мәселен, дрондар көмегімен 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім саны 9,4 пайызға, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізушілер кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар 24 пайызға азайды.
"Egov mobile және жетекші банктер қосымшаларына интеграцияланған "Заң және тәртіп" мобильді сервисі іске қосылғаннан бері азаматтардан 32 мыңнан астам өтініш түскен", - деп толықтырды министр.
Сонымен қатар мемлекет басшысына экстремизмге қарсы күрес пен көші-қонды бақылау шаралары жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.