Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

© Photo : Пресс-служба МВД РКМВД Казахстана активно использует дроны в работе
МВД Казахстана активно использует дроны в работе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
Полиция синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінген 44 жастағы әйелді дрон арқылы бақылауға алған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Дрондардың көмегімен алты мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуеден тұрақты бақылау жол апатының алдын алуға және ықтимал қауіпті жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
"Концерттер, спорттық матчтар және мерекелік іс-шаралар кезінде дрондар бақылау жасаудың негізгі элементіне айналды. Камералар адам көп шоғырланған жерлерді бақылайды, күдік тудыратын әрекеттерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді және полиция жасақтарын проблемалық аймақтарға жедел жіберуге жағдай жасайды", - деп жазылған хабарламада.
Әуе мониторингі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және полиция күштерін тиімді басқару мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
Пилотсыз ұшу аппараттары оқиға орындарын қарау, жоғалған адамдарды іздеу, қылмыс іздерін құжаттандыру және қылмыстық ахуалды бақылау барысында белсенді қолданылады.
Аэрофототүсірілім, бейнетіркеу және нақты уақыттағы бақылау жиналатын дәлелдердің сапасын арттырып, тергеу процесін жеделдетеді.
"Шымкенттегі "Қарасора" және "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шараларын мысал ретінде келтіруге болады. Синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінген 44 жастағы әйел дрон арқылы бақылауға алынды. Бұл оның қылмыс үстінде ұсталуына мүмкіндік берді. Көліктің жүк салғышынан екі келіден астам есірткі табылды", - дейді полицейлер.
Дрондар тек техникалық жаңалық қана емес, күнделікті полиция қызметінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, жол қауіпсіздігін арттыруға және қылмыстарды ашуға көмектесетін нақты құралға айналды.
Түркістан облысы Сауран ауданындағы шағын өнеркәсіп паркі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Түркістан облысында дрон шығарылады
Жаңалықтар
0