https://sputnik.kz/20251119/ayelderdin-zhumys-uaqytyn-qysqartu-qazhet---mazhilis-deputattary-58903068.html
Әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту қажет - мәжіліс депутаттары
Әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту қажет - мәжіліс депутаттары
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы әйелдер ақылы жұмысқа шамамен 480 минут, оған қоса, отбасына 246 минут жұмсайды 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T15:25+0500
2025-11-19T15:25+0500
2025-11-19T15:26+0500
депутат
мәжіліс
жұмыс
https://sputnik.kz/img/1166/06/11660635_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_597d58bec6550eedd3dfd254a6bd7cc6.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы әйелдердің жұмыс уақытын қысқартуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін партияның мәжілістегі фракциясы премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, осы мәселені жан-жақты зерделеуді ұсынды.Оның айтуынша, әйелдердің қазіргі жұмыс жүктемесі денсаулыққа да кері әсерін тигізіп жатады. Ал генедрлік теңсіздікке байланысты жалақының көлемі 15 процентке аз төленеді."Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелейтін және қатты ауыратын туыстарына қарайтын әйелдерге баса назар аудару керек. Ондай отбасыларда адамды күтіп ұстауға кететін уақыт бір күнде 6 сағатқа дейін жетеді. Бұл кәдімгідей бір жұмыс күнімен бірдей. Бірақ оны еңбек заңнамасында ескермейді, әлеуметтік кепілдіктер де қарастырылмаған",- деді депутат.Осыған байланысты фракция депутаттары жұмыс пен үйдегі шаруаны бірге алып жүретін, әсіресе, балалар мен егде жастағы туыстарына қарайтын әйелдер үшін қысқартылған жұмыс аптасын және ыңғайлы жұмыс кестесін заңмен бекітуді ұсынды. Ондайда жалақы мен әлеуметтік кепілдіктер сақталуы қажет.
https://sputnik.kz/20251029/deputat-zheke-derekterdin-taraluyna-zhauapty-uyymdardy-qatan-zhazalaudy-usyndy-58282902.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1166/06/11660635_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_bdedc240b47bf68aeb78f335c3072368.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, мәжіліс, жұмыс
Әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту қажет - мәжіліс депутаттары
15:25 19.11.2025 (жаңартылды: 15:26 19.11.2025) Қазақстандағы әйелдер ақылы жұмысқа шамамен 480 минут, оған қоса, отбасына 246 минут жұмсайды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы әйелдердің жұмыс уақытын қысқартуды талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін партияның мәжілістегі фракциясы премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, осы мәселені жан-жақты зерделеуді ұсынды.
"Зерттеулерге сәйкес, Қазақстандағы әйелдер ақылы жұмысқа шамамен 480 минут, оған қоса, отбасына 246 минут жұмсайды. Оған ақша төленбейді. Үйдегі балаларға, егде жастағы адамдарға және ауратын отбасы мүшелеріне, көбінесе, әйелдер қарайды. Осылайша, олардың жалпы күнделікті жүктемесі 13 сағатқа дейін барады", - деді депутат Ажар Сағандықова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, әйелдердің қазіргі жұмыс жүктемесі денсаулыққа да кері әсерін тигізіп жатады. Ал генедрлік теңсіздікке байланысты жалақының көлемі 15 процентке аз төленеді.
"Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелейтін және қатты ауыратын туыстарына қарайтын әйелдерге баса назар аудару керек. Ондай отбасыларда адамды күтіп ұстауға кететін уақыт бір күнде 6 сағатқа дейін жетеді. Бұл кәдімгідей бір жұмыс күнімен бірдей. Бірақ оны еңбек заңнамасында ескермейді, әлеуметтік кепілдіктер де қарастырылмаған",- деді депутат.
Осыған байланысты фракция депутаттары жұмыс пен үйдегі шаруаны бірге алып жүретін, әсіресе, балалар мен егде жастағы туыстарына қарайтын әйелдер үшін қысқартылған жұмыс аптасын және ыңғайлы жұмыс кестесін заңмен бекітуді ұсынды. Ондайда жалақы мен әлеуметтік кепілдіктер сақталуы қажет.