Депутат жеке деректердің таралуына жауапты ұйымдарды қатаң жазалауды ұсынды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание в мажилисе
Заседание в мажилисе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
Депутат үкіметке халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке деректерді таралуына жауапты ұйымдар мен мекемелердің жазасын күшейтуді ұсынды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мәжіліске жаңадан келген депутат Әбутәліп Мүтәлі үкіметке алғашқы сауалын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Мүтәлі жеке деректерді заңсыз пайдалану мәселесін көтерді. Биыл ғана 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері желіде тарап кетті. Алаяқтар соның бәрін халықты алдау үшін пайдаланып жатады. Бүгінде ондай қылмыстардан келген шығын 6 млрд теңгеден асты. Ал заңнамада жеке деректерді таратуға қатысты жаза қатаң емес, кез келген компания айыппұлмен құтыла салады.
"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, Еуропалық одақта ондай заң бұзушылықтар үшін айыппұлдың көлемі - 20 млн еуроға (шамамен 12,5 млрд теңгеге) дейін, Қытайда - 50 млн юаньге ( шамамен 3,7 млрд теңгеге) дейін, ал Аустралияда 50 млн австралиялық долларға (шамамен 1,7 млрд тенге) дейін айыппұл қарастырылған", - деді Мүтәлі.
Осыған байланысты депутат үкіметке халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке деректердің таралуына жауапты ұйымдар мен мекемелердің жазасын күшейтуді ұсынды.
"Биылғы жағдай мемлекеттік және квазимемлекеттік жүйелердің айтарлықтай кемшін тұстары бар екенін көрсетті. Бірақ жеке меншік салада – банктер, телеком-компаниялар, маркетплейстер, жанармай құю станциялары мен сауда желілері де мобильді қосымшалар мен бонустық жүйелер арқылы жеке деректердің үлкен көлемін жинап отырады", - деді Мүтәлі.
Айта кетері, бұған дейін "Amanat" партиясының өкілі Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалған. Ал оның орнына Әбутәліп Мүтәлі келді.
Зал пленарных заседаний мажилиса парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Пранк жасайтындардың парақшасын бұғаттау қажет - депутат
Жаңалықтар
0