https://sputnik.kz/20251119/abay-oblysynda-baqylausyz-zhayylgan-maldy-anyqtau-ushin-drondar-qoldanylyp-zhatyr-58911756.html
Абай облысында бақылаусыз жайылған малды анықтау үшін дрондар қолданылып жатыр
Абай облысында бақылаусыз жайылған малды анықтау үшін дрондар қолданылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Жалпы биыл жыл басынан бері полиция қызметкерлері малдың бақылаусыз жайылуына қатысты 2 284 құқық бұзушылықты анықтаған 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T20:03+0500
2025-11-19T20:03+0500
2025-11-19T20:03+0500
абай облысы
жол полициясы
мал
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831026_124:156:890:587_1920x0_80_0_0_677b03d06be613a7137bdc53eceee5a4.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол апатын азайтуға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Полиция хабарлағандай, ауылдық аймақтардағы жол қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі мәселелердің бірі – малдың бақылаусыз жайылуы."Мүмкіндігі жоғары камералары бар пилотсыз ұшу аппараттары малдың орналасқан орнын нақты уақыт режимінде көрсетіп, тез әрекет етуге жағдай жасайды. Мысалы Жаңасемей ауданында жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында 59 бас жылқы анықталып, арнайы тұраққа жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.Ведомство мәліметінше, бақылаусыз жүрген мал "Семей – Өскемен және Омбы – Майқапшағай" бағыттарындағы қозғалысы үлкен жолдарда жиі кездеседі.Жалпы биыл жыл басынан бері полиция қызметкерлері малдың бақылаусыз жайылуына қатысты 2 284 құқық бұзушылықты анықтаған. Арнайы айыптұрақтарға 9 729 бас мал қойылып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру талаптарының бұзылуына қатысты 201 дерек тіркеліп, материалдар ветеринариялық инспекцияға жолданды.
https://sputnik.kz/20250614/turkistan-oblysynda-dron-zauyty-salynady-54667017.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831026_103:102:769:602_1920x0_80_0_0_b554e05c9ea7ca54822e3364260bf465.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, жол полициясы, мал
абай облысы, жол полициясы, мал
Абай облысында бақылаусыз жайылған малды анықтау үшін дрондар қолданылып жатыр
Жалпы биыл жыл басынан бері полиция қызметкерлері малдың бақылаусыз жайылуына қатысты 2 284 құқық бұзушылықты анықтаған
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол апатын азайтуға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция хабарлағандай, ауылдық аймақтардағы жол қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі мәселелердің бірі – малдың бақылаусыз жайылуы.
Абай облысында бұл мәселені шешу үшін заманауи технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Аудан әкімдіктерінің қолдауымен жергілікті полиция бөлімшелері патрульдік қызмет барысында аумақты тұрақты бақылауға және автожол маңында бақылаусыз жайылып жүрген малды жедел анықтауға мүмкіндік беретін дрондармен жабдықталды.
"Мүмкіндігі жоғары камералары бар пилотсыз ұшу аппараттары малдың орналасқан орнын нақты уақыт режимінде көрсетіп, тез әрекет етуге жағдай жасайды. Мысалы Жаңасемей ауданында жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында 59 бас жылқы анықталып, арнайы тұраққа жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, бақылаусыз жүрген мал "Семей – Өскемен және Омбы – Майқапшағай" бағыттарындағы қозғалысы үлкен жолдарда жиі кездеседі.
Жалпы биыл жыл басынан бері полиция қызметкерлері малдың бақылаусыз жайылуына қатысты 2 284 құқық бұзушылықты анықтаған. Арнайы айыптұрақтарға 9 729 бас мал қойылып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру талаптарының бұзылуына қатысты 201 дерек тіркеліп, материалдар ветеринариялық инспекцияға жолданды.