https://sputnik.kz/20250614/turkistan-oblysynda-dron-zauyty-salynady-54667017.html
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорын азаматтық және мамандандырылған тікұшақтар мен дрондар шығарады 14.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-14T18:34+0500
2025-06-14T18:34+0500
2025-06-14T18:34+0500
дрон
түркістан облысы
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1b/49594596_14:0:1267:705_1920x0_80_0_0_d1bf2da49dcfb74b556d023ae0f1c17f.jpg
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Түркістан облысында тікұшақ, дрон және пилотсыз жүк аппаратын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан талқылауда ауқымды жобаны іске асыру шарттары қаралды, деп хабарлайды Otyrar.kz.Өндірісті орналастыру үшін өңірдің индустриялық аймақтары мен Сауран ауданы таңдалды. Жаңа зауыт облыстың ең заманауи және технологиялық кәсіпорындарының бірі болады.Инвестор жобаға шамамен 290 миллион АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын құру 150-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және өңірлік өнеркәсіпте жаңа бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын азаматтық және мамандандырылған тікұшақтар мен дрондар шығарады. Оларды логистикада, ауыл шаруашылығында, туризмде, инфрақұрылымды бақылауда және басқа салаларда пайдалану жоспарлануда.Жоба шағын авиацияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына бағытталған — ұшу аппараттары 3000 метр биіктікке көтеріле алады. Техника қала ішінде тасымалдауға, жүктерді дрондармен жеткізуге, шұғыл көмекке, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қолданылады.Түркістан облысының аумағында қазірдің өзінде 15 индустриялық аймақ, сондай-ақ 4000 гектарды қамтитын "TURAN" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Инвесторларға салықтық жеңілдіктер беріледі және барлық мәселені тез шешу үшін "бір терезе" жүйесі жұмыс істейді.Соңғы үш жылда облыста қытай капиталының қатысуымен 110 миллион долларға төрт жоба жүзеге асырылды. Қазір миллиард доллардан асатын тағы жеті жоба іске асырылуда.
https://sputnik.kz/20250502/shegirtke-qarsy-kureske-50-den-astam-dron-zhumyldyryldy-53103394.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1b/49594596_171:0:1111:705_1920x0_80_0_0_6ccbff29b0678dbf4cc018ecdf5da4a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, түркістан облысы, зауыт
дрон, түркістан облысы, зауыт
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Кәсіпорын азаматтық және мамандандырылған тікұшақтар мен дрондар шығарады
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Түркістан облысында тікұшақ, дрон және пилотсыз жүк аппаратын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан талқылауда ауқымды жобаны іске асыру шарттары қаралды, деп хабарлайды
Otyrar.kz. Өндірісті орналастыру үшін өңірдің индустриялық аймақтары мен Сауран ауданы таңдалды. Жаңа зауыт облыстың ең заманауи және технологиялық кәсіпорындарының бірі болады.
Инвестор жобаға шамамен 290 миллион АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын құру 150-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және өңірлік өнеркәсіпте жаңа бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.
"Біз инвесторға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл жай ғана жоба емес, болашаққа жасалған қадам. Түркістан облысы жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүдделі. Мұндай зауыт аймақ экономикасына айтарлықтай үлес қосады", - деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын азаматтық және мамандандырылған тікұшақтар мен дрондар шығарады. Оларды логистикада, ауыл шаруашылығында, туризмде, инфрақұрылымды бақылауда және басқа салаларда пайдалану жоспарлануда.
Жоба шағын авиацияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына бағытталған — ұшу аппараттары 3000 метр биіктікке көтеріле алады. Техника қала ішінде тасымалдауға, жүктерді дрондармен жеткізуге, шұғыл көмекке, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қолданылады.
Түркістан облысының аумағында қазірдің өзінде 15 индустриялық аймақ, сондай-ақ 4000 гектарды қамтитын "TURAN" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Инвесторларға салықтық жеңілдіктер беріледі және барлық мәселені тез шешу үшін "бір терезе" жүйесі жұмыс істейді.
Соңғы үш жылда облыста қытай капиталының қатысуымен 110 миллион долларға төрт жоба жүзеге асырылды. Қазір миллиард доллардан асатын тағы жеті жоба іске асырылуда.