https://sputnik.kz/20251118/politseyler-qaruly-qarsylyq-korsetken-er-adamdy-atyp-oltirdi-58869275.html
Полицейлер қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып өлтірді
Полицейлер қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып өлтірді
Sputnik Қазақстан
Ер адамбағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T13:03+0500
2025-11-18T13:03+0500
2025-11-18T13:03+0500
түркістан облысы
полиция
атып өлтіру
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_0:213:3689:2288_1920x0_80_0_0_c433023ecd1427b783b386c5daec9af6.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Мақтаарал ауданының полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғанын айтқан.Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талаптарына қарамастан, ер адамбағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды.Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20251107/arasynda-politsiya-qyzmetkeri-bar-qyzylordada-balyqshylardy-oltirgender-sottaldy-58552961.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_178:0:3511:2500_1920x0_80_0_0_1831e14aa54304e2c386b90e45059c71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, полиция, атып өлтіру
түркістан облысы, полиция, атып өлтіру
Полицейлер қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып өлтірді
Ер адамбағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мақтаарал ауданының полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғанын айтқан.
"Полиция келген уақытта мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылды. Заңсыз әрекеттер мен басқаларға қауіп төндірмеу үшін аумақ толығымен қоршауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талаптарына қарамастан, ер адамбағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды.
"Шабуылға тойтарыс беру және өмірге қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу үшін полицейлер ауаға ескерту оқтарын атты. Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Құқық бұзушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.