https://sputnik.kz/20251118/maskeudegi-shankhay-yntymaqtastyq-uyymynyn-kenesinde-ukimet-basshylary-neni-talqylady-58877032.html
Мәскеудегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңесінде үкімет басшылары нені талқылады
Мәскеудегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңесінде үкімет басшылары нені талқылады
Sputnik Қазақстан
"Россия" ұлттық орталығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T19:20+0500
2025-11-18T19:20+0500
2025-11-18T19:20+0500
мәскеу
шыұ
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58871477_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_7c1c84ecd7f31d7babdb4c297a878b4e.jpg
АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Мәскеуде Ресейдің ШЫҰ елдері үкімет басшыларының кеңесі өтіп жатыр.Ресей министрлер кабинетінің басшысы Михаил Мишустиннің айтуынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің халқын ортақ тарихи жады мен бір-бірінің мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет байланыстырады.Үкімет басшылары кеңесіне төрағалық ету кезінде Ресей сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық кооперацияны ілгерілетуге баса назар аударды, дейді ол."Біз Ресейдің үкімет басшылары кеңесіне төрағалық ету барысында дәл осыған назар аудардық. Сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық кооперацияны одан әрі ілгерілетуге басты назар аударылды", - деді Ресей премьер-министрі.Ол ШЫҰ шеңберінде энергетиканы дамытудың әділ және тұрақты моделін құруға шақырды."Теңдік, өзара жауапкершілік және технологиялық әріптестік қағидаттарына сәйкес келетін энергетиканы дамытудың әділ және тұрақты моделін құру маңызды", - деді Мишустин.Ресей Министрлер кабинетінің басшысы ынтымақтастықты кеңейтудің басым бағыттарын атады."Бізде ғылым, білім, денсаулық сақтау, жастар байланысы, мәдениет, өнер, туризм, спорт салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге көптеген мүмкіндік бар. Мұндай бастамаларды біздің азаматтар сөзсіз талап етеді. Біз оларды мүмкіндігінше тезірек іске асыруға кірісуіміз керек", - деді ол.ШЫҰ ішкі саудасы 1 триллион долларға жақындады - БектеновҚазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің айтуынша, жаһандық қиындықтар аясында ШЫҰ тұрақты даму мақсаттарына жету және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді еңсеру үшін ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеп жатыр."Бізге сенім, достық және тату көршілікті басшылыққа алып ШЫҰ әлеуетін нығайтуды жалғастыру өте маңызды деп санаймыз", - деді ол.Бектенов Қазақстан бастамашылардың бірі болған ШЫҰ-ның құрылуы ХХІ ғасырда ашылып жатқан мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану қажеттілігімен байланысты екенін еске салды.Үкімет басшысы көлік, экологиялық мәселелер және жасанды интеллект тақырыбын да қозғады. Сонымен қатар Бектенов ШЫҰ аясында су ресурстары мәселелерін зерттеу орталығын құруды ұсынды.
https://sputnik.kz/20250902/shyu-shtab-paterinde-eaeo-kunderi-otkizilui-mumkin-56741239.html
https://sputnik.kz/20251113/shyu-elderi-2026-2030-zhyldarga-arnalgan-is-qimyl-zhospary-boyynsha-kelisti-58731423.html
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58871477_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_41a19e4f09c34a242cf2021a0ff8108e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, шыұ, үкімет
Мәскеудегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңесінде үкімет басшылары нені талқылады
"Россия" ұлттық орталығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр
АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Мәскеуде Ресейдің ШЫҰ елдері үкімет басшыларының кеңесі өтіп жатыр.
Ресей министрлер кабинетінің басшысы Михаил Мишустиннің айтуынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің халқын ортақ тарихи жады мен бір-бірінің мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет байланыстырады.
"Біз Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының сексен жылдығын және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуын бірге атап өттік", - деді Мишустин.
Үкімет басшылары кеңесіне төрағалық ету кезінде Ресей сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық кооперацияны ілгерілетуге баса назар аударды, дейді ол.
"Біз Ресейдің үкімет басшылары кеңесіне төрағалық ету барысында дәл осыған назар аудардық. Сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық кооперацияны одан әрі ілгерілетуге басты назар аударылды", - деді Ресей премьер-министрі.
Ол ШЫҰ шеңберінде энергетиканы дамытудың әділ және тұрақты моделін құруға шақырды.
"Теңдік, өзара жауапкершілік және технологиялық әріптестік қағидаттарына сәйкес келетін энергетиканы дамытудың әділ және тұрақты моделін құру маңызды", - деді Мишустин.
Ресей Министрлер кабинетінің басшысы ынтымақтастықты кеңейтудің басым бағыттарын атады.
"Бізде ғылым, білім, денсаулық сақтау, жастар байланысы, мәдениет, өнер, туризм, спорт салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге көптеген мүмкіндік бар. Мұндай бастамаларды біздің азаматтар сөзсіз талап етеді. Біз оларды мүмкіндігінше тезірек іске асыруға кірісуіміз керек", - деді ол.
ШЫҰ ішкі саудасы 1 триллион долларға жақындады - Бектенов
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің айтуынша, жаһандық қиындықтар аясында ШЫҰ тұрақты даму мақсаттарына жету және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді еңсеру үшін ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеп жатыр.
"Бізге сенім, достық және тату көршілікті басшылыққа алып ШЫҰ әлеуетін нығайтуды жалғастыру өте маңызды деп санаймыз", - деді ол.
Бектенов Қазақстан бастамашылардың бірі болған ШЫҰ-ның құрылуы ХХІ ғасырда ашылып жатқан мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану қажеттілігімен байланысты екенін еске салды.
"Бүгінде ШЫҰ елдері әлемдік ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін құрайды, ал олардың ішкі саудасы 1 триллион долларға жуық. Айтарлықтай экономикалық әлеуетке ие ұйым тең серіктестікке негізделген кешенді экономикалық өсуге ұмтылады", - деді премьер-министр.
Үкімет басшысы көлік, экологиялық мәселелер және жасанды интеллект тақырыбын да қозғады. Сонымен қатар Бектенов ШЫҰ аясында су ресурстары мәселелерін зерттеу орталығын құруды ұсынды.