https://sputnik.kz/20250902/shyu-shtab-paterinde-eaeo-kunderi-otkizilui-mumkin-56741239.html
ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндері" өткізілуі мүмкін
ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндері" өткізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Сағынтаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты 02.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-02T08:37+0500
2025-09-02T08:37+0500
2025-09-02T16:56+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/07/10/55659328_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_c723065320865f14312a76fe81779631.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндерін" өткізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау басталды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қытайда өткен "ШЫҰ плюс" саммитінде айтты, деп хабарлайды Еуразиляқы экономикалық комиссия.Саммит Тяньцзиньде өтті. Саммиттің басты тақырыптарының бірі - өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық негізінде Еуразия өңірінде көпжақты диалогты нығайту.Тяньцзинь декларациясы мен 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы ШЫҰ-ның ұзақ мерзімді бағдарларын анықтап, оның алдағы онжылдықтағы жалпы стратегиясын бекітті.ЕЭК пен ШЫҰ хатшылығы тиісті меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды. Қазіргі уақытта тараптар ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі жоспарын келісуді аяқтауда. Құжат жобасы экономика және қаржы, көлік және мультимодальды тасымалдау, өнеркәсіп және АӨК, сауда рәсімдерін жеңілдету, цифрландыру, энергетика және басқа да салаларда диалогты дамытады.ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндерін" өткізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау басталды.2026 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Қырғыз Республикасы төрағалық етеді.
https://sputnik.kz/20250523/eaeo-da-darilik-zattardy-tirkeu-merzimi-uzartyldy-53813742.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/10/55659328_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_f5ee182b7c1396303327bb8e5400920b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндері" өткізілуі мүмкін
08:37 02.09.2025 (жаңартылды: 16:56 02.09.2025) Сағынтаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндерін" өткізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау басталды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қытайда өткен "ШЫҰ плюс" саммитінде айтты, деп хабарлайды Еуразиляқы экономикалық комиссия.
Саммит Тяньцзиньде өтті. Саммиттің басты тақырыптарының бірі - өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық негізінде Еуразия өңірінде көпжақты диалогты нығайту.
Тяньцзинь декларациясы мен 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы ШЫҰ-ның ұзақ мерзімді бағдарларын анықтап, оның алдағы онжылдықтағы жалпы стратегиясын бекітті.
"Саммитте Еуразиялық экономикалық одақ пен ШЫҰ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі құру, олардың экономикалық әлеуеттерін ұштастыру тараптар ынтымақтастығының әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті екені айтылды", - деп жазылған хабарламада.
ЕЭК пен ШЫҰ хатшылығы тиісті меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды. Қазіргі уақытта тараптар ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі жоспарын келісуді аяқтауда. Құжат жобасы экономика және қаржы, көлік және мультимодальды тасымалдау, өнеркәсіп және АӨК, сауда рәсімдерін жеңілдету, цифрландыру, энергетика және басқа да салаларда диалогты дамытады.
ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндерін" өткізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау басталды.
2026 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Қырғыз Республикасы төрағалық етеді.