ЕАЭО-да дәрілік заттарды тіркеу мерзімі ұзартылды

© Photo : Правовой портал ЕАЭСЕАЭО елдерінің символдары
ЕАЭО елдерінің символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Бұл ереже 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО елдерінде тіркелген дәрілік заттарға қолданылады
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі дәрілік заттарды ұлттық заңнама бойынша тіркеу мүмкіндігін 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"ЕАЭО елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар жаңа дәрілерді өздерінің әдеттегі ережелері бойынша, яғни ЕАЭО бірыңғай талаптарына ауыспай тіркеуді тағы үш жылға жуық жалғастыра алады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін тіркеліп үлгерген дәрілер үшін де бұл тәртіп сақталады.
"Бұл денсаулық сақтау жүйесіне дәрі-дәрмек тапшылығын, жеткізудегі үзілістерді және басқа да қауіптерді болдырмау үшін қажет", - деп толықтырды департамент.
Мерзімдерді ұзарту халықты барлық қажетті дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шешім 24 мамырда күшіне енді және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
ЕАЭО орталық банктері Астанада қаржылық тұрақтылық мәселелерін талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
ЕАЭО орталық банктері Астанада қаржылық тұрақтылық мәселесін талқылады
Жаңалықтар
0