https://sputnik.kz/20251118/eurokomissiya-qauipsizdik-maqsatynda-ukrainany-euroodaqqa-qabyldaudy-usyndy-58880007.html
Еурокомиссия қауіпсіздік мақсатында Украинаны Еуроодаққа қабылдауды ұсынды
Еурокомиссия қауіпсіздік мақсатында Украинаны Еуроодаққа қабылдауды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Біз шайқас сынағынан өткен Ресей армиясымен бетпе-бет келуге дайынбыз ба, дейді ЕК өкілі 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T22:57+0500
2025-11-18T22:57+0500
2025-11-18T22:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_c50b1b1c797f499496fc2dd62e14634f.jpg
АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Еуропалық комиссиядағылар қауіпсіздік мақсатында Украинаны Еуроодаққа қабылдау керек деп санайды, деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның қорғаныс және ғарыш жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс Еуроодақты кеңейту форумында сөйлеген сөзінде."Украинаны Еуроодаққа қабылдаудың себебі өте қарапайым: қауіпсіздік және қорғаныс. Еуропалық құрлықта шайқас сынағынан өткен екі армия бар. Бұл - қазір 2022 жылмен салыстырғанда әлдеқайда күшті Ресей армиясы және Украина армиясы. Біздің барлау қызметтеріміз Ресей алдағы үш-төрт жыл ішінде НАТО-ның 5-бабын сынақтан өткізуге дайын болуы мүмкін деп айтқан кезде, менде мынандай сұрақ пайда болады: біз шайқас сынағынан өткен Ресей армиясымен бетпе-бет келуге дайынбыз ба? Міне, сондықтан мен Украинаның өте жақсы интеграцияланған қорғаныс мүмкіндіктері біздің жағымызда болмаса, бұл үлкен тарихи қателік болар еді деп айтамын", - деді Кубилюс.Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Ресейдің НАТО елдеріне шабуыл жасау ниеті жоқ екенін түсіндірген болатын. Путин батыстық саясаткерлер назарды ішкі мәселелерден аудару үшін өз халқын үнемі ойдан шығарылған ресейлік қауіппен қорқытып отыратынын айтты.Соңғы жылдары Ресей батыс шекараларында НАТО-ның бұрын-соңды болмаған белсенділігі жайында айтып келеді. Альянс мұны "Ресей агрессиясын тежеу" деп атайды.Ресей билігі Еуропадағы әскери-саяси блоктың күшеюіне бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Кремль Мәскеу ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне қауіпті болуы мүмкін әрекеттерді ескерусіз қалдырмайтынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250926/eurokomissiya-reseylik-aktivterdi-ukrainaga-kredit-retinde-berudi-usyndy-57375376.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_10abe0b4b387bea2d4e6b13180469f87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еурокомиссия қауіпсіздік мақсатында Украинаны Еуроодаққа қабылдауды ұсынды
Біз шайқас сынағынан өткен Ресей армиясымен бетпе-бет келуге дайынбыз ба, дейді ЕК өкілі
АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Еуропалық комиссиядағылар қауіпсіздік мақсатында Украинаны Еуроодаққа қабылдау керек деп санайды, деп
мәлімдеді Еуропалық комиссияның қорғаныс және ғарыш жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс Еуроодақты кеңейту форумында сөйлеген сөзінде.
"Украинаны Еуроодаққа қабылдаудың себебі өте қарапайым: қауіпсіздік және қорғаныс. Еуропалық құрлықта шайқас сынағынан өткен екі армия бар. Бұл - қазір 2022 жылмен салыстырғанда әлдеқайда күшті Ресей армиясы және Украина армиясы. Біздің барлау қызметтеріміз Ресей алдағы үш-төрт жыл ішінде НАТО-ның 5-бабын сынақтан өткізуге дайын болуы мүмкін деп айтқан кезде, менде мынандай сұрақ пайда болады: біз шайқас сынағынан өткен Ресей армиясымен бетпе-бет келуге дайынбыз ба? Міне, сондықтан мен Украинаның өте жақсы интеграцияланған қорғаныс мүмкіндіктері біздің жағымызда болмаса, бұл үлкен тарихи қателік болар еді деп айтамын", - деді Кубилюс.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Ресейдің НАТО елдеріне шабуыл жасау ниеті жоқ екенін түсіндірген болатын. Путин батыстық саясаткерлер назарды ішкі мәселелерден аудару үшін өз халқын үнемі ойдан шығарылған ресейлік қауіппен қорқытып отыратынын айтты.
Соңғы жылдары Ресей батыс шекараларында НАТО-ның бұрын-соңды болмаған белсенділігі жайында айтып келеді. Альянс мұны "Ресей агрессиясын тежеу" деп атайды.
Ресей билігі Еуропадағы әскери-саяси блоктың күшеюіне бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Кремль Мәскеу ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне қауіпті болуы мүмкін әрекеттерді ескерусіз қалдырмайтынын мәлімдеді.