Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссия ресейлік активтерді Украинаға кредит ретінде беруді ұсынды

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық комиссия Киевке 140 миллиард еуро кредит беру үшін ресейлік активтерді пайдалануы мүмкін, деп жазды Politico.
"Еурокомиссия санкцияға іліккен ресейлік қаражатты Украинаға берілетін 140 миллиард еуро көлеміндегі жаңа кредитті қаржыландыруға пайдалануды ұсынды", - деп жазды басылым ЕК құжатына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, бұл ұсыныс Еуроодақ елдеріне бүгінгі елшілер кездесуі қарсаңында жеткізілген.
Германия канцлері Фридрих Мерц бейсенбіде бұғау салынған активтерді пайдалана отырып, Украинаға шамамен 140 миллиард еуро көлемінде пайызсыз кредит беру идеясын ұсынды.
Экономикалық мәселелер жөніндегі Еуропа комиссары Валдис Домбровскистің айтуынша, ЕО Киевті 2026 жылы "шығынды өтеу қарыздары" есебінен қаржыландырғысы келеді.
Ал Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен жаңа "репарациялық кредит" құруды ұсынды. Оның айтуынша, Украина оны "Ресей өтемақы төлегеннен" кейін ғана қайтарады.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта қорының жартысына жуығын – 300 миллиард еуроны бұғаттады. ЕО-да 200 миллиард еуродан астам қаражат, оның негізгі бөлігі Бельгияның Euroclear шоттарында жатыр. Еурокомиссия өкілі Маркус Ламмерт тамыз айының соңында Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен 9 миллиард еуроның қаңтар айынан бастап Киевке жіберілгенін хабарлады.
Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген. Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.
Жаңалықтар
0