https://sputnik.kz/20251117/qazaqstanda-qaterli-isikti-emdeudin-zhana-adisi-engizildi-58847936.html
Қазақстанда қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі енгізілді
Қазақстанда қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі енгізілді
Sputnik Қазақстан
Протон терапиясы – сәулемен емдеудің ең озық әдістерінің бірі 17.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-17T14:29+0500
2025-11-17T14:29+0500
2025-11-17T14:29+0500
қатерлі ісік
емхана
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58833612_0:73:1280:793_1920x0_80_0_0_7100320c83ab3a5408b025399767fc14.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда протон терапиясы қолданыла бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.Протон терапиясы – сәулемен емдеудің ең озық әдістерінің бірі. Ұлттық ғылыми онкология орталығының аға медициналық физигі Алуа Қанатқызының айтуынша, аталған технология стандартты терапияларға қарағанда сау тіндерге сәуленің кері әсерін 60-70%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Себебі протондар өз энергиясының барлығын дерлік қажетті тереңдікте жұмсайды, яғни, тікелей ісіктің ішінде таратады.Астанадағы жаңа емдеу кешені жылына 1 мыңға дейін ем-шара жүргізуге есептелген.Бұдан бөлек, ұлттық ғылыми онкология орталығында ісіктерді емдеу үшін заманауи желілік үдеткіш қолданылады. Онымен көмегімен ісікті жоғары дозалы радияциямен күйдіруге болады. Ал науқас сеанс кезінде ешқандай қолайсыздық сезінбейді, бірден күнделікті тірлігіне орала алады. Осы аппаратпен ісіктерді мида ғана емес, басқа да жерлерде емдеуге мүмкіндік бар.
https://sputnik.kz/20251117/obyrga-qarsy-qazaqstandyq-preparat-kelesi-zhyly-synaqtan-otkiziledi-58845898.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58833612_64:0:1217:865_1920x0_80_0_0_45b931e81427d1fc29733036c48a292d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қатерлі ісік, емхана
Қазақстанда қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі енгізілді
Протон терапиясы – сәулемен емдеудің ең озық әдістерінің бірі
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда протон терапиясы қолданыла бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Протон терапиясы – сәулемен емдеудің ең озық әдістерінің бірі. Ұлттық ғылыми онкология орталығының аға медициналық физигі Алуа Қанатқызының айтуынша, аталған технология стандартты терапияларға қарағанда сау тіндерге сәуленің кері әсерін 60-70%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Себебі протондар өз энергиясының барлығын дерлік қажетті тереңдікте жұмсайды, яғни, тікелей ісіктің ішінде таратады.
"Бұл обыр жасушаларын, оның маңында орналасқан тіндерге тигізбей, жоғары дәлдікпен атқылауға мүмкіндік береді және сонысымен де ең бір тиімді әдіс саналады. Протон терапиясы аурудың барлық кезеңінде жүргізіледі, десе де, енді өсіп келе жатқан ағза болғандықтан балаларды емдеуде, сондай-ақ бұрын алынған сәулелік терапияның қайталануы, яғни, рецидив кезінде қолданған әсіресе тиімді", - дейді Қанатқызы.
Астанадағы жаңа емдеу кешені жылына 1 мыңға дейін ем-шара жүргізуге есептелген.
Бұдан бөлек, ұлттық ғылыми онкология орталығында ісіктерді емдеу үшін заманауи желілік үдеткіш қолданылады. Онымен көмегімен ісікті жоғары дозалы радияциямен күйдіруге болады. Ал науқас сеанс кезінде ешқандай қолайсыздық сезінбейді, бірден күнделікті тірлігіне орала алады. Осы аппаратпен ісіктерді мида ғана емес, басқа да жерлерде емдеуге мүмкіндік бар.