Обырға қарсы қазақстандық препарат келесі жылы сынақтан өткізіледі

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуЛекарства
Лекарства - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
Бұған дейін жануарларға сәтті зерттеулер жасалды
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан ғалымдары обыр ауруына қарсы препаратты сынақтан өткізудің жаңа кезеңін бастайды. Бұл туралы NU профессоры Дос Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
2026 жылы клиникалық сынақтардың жаңа әрі шешуші кезеңі өткізіледі. Сол кезде ең агрессивті және қатерлі саналатын KRAS-мутациялы ісіктерімен күресте препараттың тиімділігі дәлелденуі керек.
"Біз бұл препаратты стандартты химиялық терапияның алдында қолданамыз деген ең маңызды шешімге келдік. Бұған дейін оны пациенттер физикалық тұрғыдан әлсіреген кезде, яғни стандартты химиялық терапияның бірнеше кезеңінен кейін қолданатын едік. Жаңа тәсіл арқылы препараттың ісіктер мен метастаздарға тікелей әсерін, сондай-ақ препаратты адам ағзасының қаншалықты көтере алатынын анықтай аламыз", - дейді Сарбасов.
Айта кетері, бұған дейін жануарларға сәтті зерттеулер жасалды. Осыдан кейін құрама препараттың екінші компонентін адам ағзасы көтере алатын дозамен қолдануға рұқсат алынды. Ол анағұрлым тиімді болады деген болжам бар.
Олжас Бектенов Астанадағы ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Сәулемен емдеу палаталары тағы алты қалада ашылады
Жаңалықтар
0