https://sputnik.kz/20251117/estoniyanyn-qazaqstan-ekonomikasyna-quygan-tikeley-investitsiyasy-128-mln-dollardan-asty-58856171.html
Эстонияның Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 млн доллардан асты
Эстонияның Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 млн доллардан асты
Sputnik Қазақстан
Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания логистика (CF&S Kazakhstan LLP), пошта қызметтері (Omniva) және цифрлық сервис (Bolt) салаларында табысты жұмыс... 17.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-17T20:12+0500
2025-11-17T20:12+0500
2025-11-17T20:12+0500
қазақстан
президент
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58856011_0:51:1280:771_1920x0_80_0_0_3ed507e6417ab8f65856a8fd7a791e6e.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Бүгін Қазақстанға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорда.Мемлекеттік сапар аясында Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді.Кездесуде өзара қарым-қатынастың маңызды бағыттарының бірі саналатын экономикалық ынтымақтастыққа баса мән берілді.Мемлекет басшысының пікірінше, Эстониядан үлкен бизнес-делегацияның келуі Таллиннің серіктестік аясын одан әрі кеңейту ниетін танытады. Қазақстан эстониялық компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдету Қазақстан мен Эстония арасындағы достықты нығайтуға тың серпін береді деп санайды.Президент ғылым-білім саласы екіжақты ынтымақтастықтың ең перспективті бағыты болып қала беретінін айтты.
https://sputnik.kz/20251101/qytay-aqmola-oblysynda-elevator-men-zauyt-qurylysyna-investitsiya-salady-58381823.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58856011_93:0:1188:821_1920x0_80_0_0_4cd4fe980bb65b5fd4a5f0cf17c287d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, президент, инвестиция
қазақстан, президент, инвестиция
Эстонияның Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 млн доллардан асты
Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания логистика (CF&S Kazakhstan LLP), пошта қызметтері (Omniva) және цифрлық сервис (Bolt) салаларында табысты жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Бүгін Қазақстанға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттік сапар аясында Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді.
Кездесуде өзара қарым-қатынастың маңызды бағыттарының бірі саналатын экономикалық ынтымақтастыққа баса мән берілді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Эстонияның 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 миллион доллардан асқанын айтты. Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания логистика (CF&S Kazakhstan LLP), пошта қызметтері (Omniva) және цифрлық сервис (Bolt) салаларында табысты жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысының пікірінше, Эстониядан үлкен бизнес-делегацияның келуі Таллиннің серіктестік аясын одан әрі кеңейту ниетін танытады. Қазақстан эстониялық компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдету Қазақстан мен Эстония арасындағы достықты нығайтуға тың серпін береді деп санайды.
Президент ғылым-білім саласы екіжақты ынтымақтастықтың ең перспективті бағыты болып қала беретінін айтты.