Қытай Ақмола облысында элеватор мен зауыт құрылысына инвестиция салады

© Photo : акимат Акмолинской областиҚытай Ақмола облысында элеватор мен зауыт құрылысына инвестиция салады
Қытай Ақмола облысында элеватор мен зауыт құрылысына инвестиция салады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2025
Жазылу
Аймақ ҚХР компанияларының бірімен келісімге қол қойды
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанада KGIR 2025 жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада Ақмола облысының әкімдігі қытайлық Beijing Guocheng Shenghua Investment компаниясымен ынтымақтастық туралы стратегиялық негіздемелік келісімге қол қойды.
Құжат құны жоғары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыта отырып, элеватор мен құрама жем зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды көздейді. Жалпы инвестиция көлемі - 20 миллион доллар, деп хабарлады әкімдіктегілер.

"Жобаны іске асыру өңірдің агроөнеркәсіптік инфрақұрылымын жаңғыртуға, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға, трансшекаралық жеткізу тізбегін құруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін болады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сонымен қатар қытайлық компания өндірістік және қойма ғимараттарын салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды жаңартуға қаражат салуға ниетті. Үш жыл ішінде инвестициялардың 25%-і қуаттылықты жаңғыртуға және кеңейтуге, 30%-і шикізатты сатып алуға және кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Бұған дейін премьер Бектенов дөңгелек үстелде Қазақстан ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ашық әрі болжамды ел болып қала береді деді.
Росток, земля, посадка, монеты, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Бірінші жартыжылдықта 10 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды
Жаңалықтар
0