Президент Ташкентте Орталық Азияға қатысты ұсыныстарын айтты

© Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2025
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде Қазақстанның ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде аймақта сауда кедергілері біртіндеп жойылып, жаңа өткізу бекеттері ашылып жатыр. Авто мен теміржол байланысы жанданып келеді. Соның нәтижесінде былтыр өңір ішіндегі сауда-саттық көлемі 11,5 миллиард долларға жетті.
"Осы көрсеткішті 20 миллиард долларға дейін жеткізу үшін осы қарқынды сақтау қажет деп ойлаймын", – деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы бірқатар маңызды ұсыныстарын жариялады. Олар:
жүкті тасымалдаудың бірыңғай электрондық жүйесін енгізу;
Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеу;
жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу;
Орталық Азия мемлекеттерінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы декларацияның жобасын дайындау;
Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдау;
Орталық Азияның біртұтас туристік брендін ілгерілетуде пәрменді шаралар қабылдау;
туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия елдерінің бірыңғай туристік кеңістігін қалыптастыру.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығынан алған әсерімен де бөлісті. Осы орайда Шавкат Мирзиёевтің аталған мекемені ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ортақ алаңға айналдыру жөніндегі бастамасын қолдайтынын жеткізді.
Казахстан предложил странам ЦА объединиться в сфере редкоземельных металлов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2025
Тоқаев Әзербайжанды кеңес құрамына қосылуымен құттықтады
Жаңалықтар
0