Тоқаев Әзербайжанды кеңес құрамына қосылуымен құттықтады

© Пресс-служба президента КазахстанаКазахстан предложил странам ЦА объединиться в сфере редкоземельных металлов
Казахстан предложил странам ЦА объединиться в сфере редкоземельных металлов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2025
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде Әзербайданды кеңес құрамына қосылуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өзбекстандаға саммитке Ильхам Әлиев те келді. Тоқаев Әзербайжанның аталған кеңеске толық мүше ретінде қосылуын тарихи шешім деп бағалады. Сондай-ақ, Бакудің жаңа статуста аймақ ынтымақтастығын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім артты.
“Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті. Мұны сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты. Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты”, - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері өңірдің жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Сондықтан “Орталық Азия плюс” форматына қызығушылық артып келеді. Бұған биыл негізгі шетелдік серіктестермен өткен саммиттер дәлел бола алады.
“Менің ойымша, мұндай серіктестіктің басты мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты нығайту және орнықты прогресс үшін жағдай жасау, елдеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқатын, бақуатты тұрмысын қамтамасыз ету. Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған әрі жан-жақты ынтымақтастық пен бейбітшілік орнаған берекелі өңір ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейміз”,– деп атап көрсетті президент.
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері өз тиімділігін дәлелдегенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің рөлін күшейту қажеттігін де ерекше атап өтті. Ол уағдаластықтардың орындалуын бақылаумен шектелмей, өңірді дамытудың стратегиялық векторларын әзірлеумен айналысуы керек.
Жаңалықтар
0