https://sputnik.kz/20251116/olim-zhitim-80-ga-deyin-afrika-elinde-qauipti-virus-shyqty-58822863.html
Өлім-жітім 80%-ға дейін: Африка елінде қауіпті вирус шықты
Өлім-жітім 80%-ға дейін: Африка елінде қауіпті вирус шықты
Sputnik Қазақстан
Әзірге Марбург вирусына қарсы вакцина жоқ 16.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-16T19:05+0500
2025-11-16T19:05+0500
2025-11-16T19:05+0500
африка
вирус
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47640602_0:62:720:467_1920x0_80_0_0_bbc61e8f69105aedb753307c87b0eb31.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Эфиопияның оңтүстігінде Марбург вирусы шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл ең қауіпті геморрагиялық вирустардың бірі: инкубациялық кезеңі 21 күнге дейін созылады, оны жұқтырған науқастардан қан кетіп, қалтырап, құсады және іші өтеді. Мамандардың бағалауынша, өлім-жітім деңгейі 25%-дан 80%-ға дейін жетуі мүмкін, деп жазды The Guardian.ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус аймақта аурудың тоғыз жағдайы анықталғанын мәлімдеді. Africa CDC Эфиопияның ұлттық зертханасы вирустың барын растағанын және штаммның Шығыс Африкада бұрын тіркелген түрлерге ұқсас екенін нақтылады.Ел билігі Джинка ауданында індеттің таралуын оқшаулау және эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Africa CDC инфекцияның аймақтың басқа бөліктеріне таралу қаупін төмендету үшін Эфиопияға қолдау көрсететінін мәлімдеді.Бұған дейін Марбург вирусы Танзания мен Руандада өршіген. Әзірге вирусқа қарсы вакцина жоқ, бірақ симптомдарды емдеу және ағзаны сұйықтықпен толықтыру (регидратация) өмір сүру мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Өткен жылы Руандада Сабина вакцина институты әзірлеген вакцина сынақтан өткізілді.Еске сала кетейік, Ақтөбеде Ганконг тұмауы анықталды. Тұрғындардың дене қызуы көтеріліп, жаппай жөтеліп жатыр.
https://sputnik.kz/20250105/qytayda-zhana-virus-tarady-49746663.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47640602_0:27:720:567_1920x0_80_0_0_6216fbd4c170aa52254a9684b095c0f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
африка, вирус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
африка, вирус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Өлім-жітім 80%-ға дейін: Африка елінде қауіпті вирус шықты
Әзірге Марбург вирусына қарсы вакцина жоқ
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Эфиопияның оңтүстігінде Марбург вирусы шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл ең қауіпті геморрагиялық вирустардың бірі: инкубациялық кезеңі 21 күнге дейін созылады, оны жұқтырған науқастардан қан кетіп, қалтырап, құсады және іші өтеді. Мамандардың бағалауынша, өлім-жітім деңгейі 25%-дан 80%-ға дейін жетуі мүмкін, деп жазды
The Guardian.ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус аймақта аурудың тоғыз жағдайы анықталғанын мәлімдеді. Africa CDC Эфиопияның ұлттық зертханасы вирустың барын растағанын және штаммның Шығыс Африкада бұрын тіркелген түрлерге ұқсас екенін нақтылады.
Ел билігі Джинка ауданында індеттің таралуын оқшаулау және эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Africa CDC инфекцияның аймақтың басқа бөліктеріне таралу қаупін төмендету үшін Эфиопияға қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Бұған дейін Марбург вирусы Танзания мен Руандада өршіген. Әзірге вирусқа қарсы вакцина жоқ, бірақ симптомдарды емдеу және ағзаны сұйықтықпен толықтыру (регидратация) өмір сүру мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Өткен жылы Руандада Сабина вакцина институты әзірлеген вакцина сынақтан өткізілді.
Еске сала кетейік,
Ақтөбеде Ганконг тұмауы анықталды. Тұрғындардың дене қызуы көтеріліп, жаппай жөтеліп жатыр.