Ақтөбеде Гонконг тұмауы анықталды

© Photo : Рixabay / subarasikiaiТермометр
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Бұл жаңа вирус емес, ол маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі штаммдарына жатады
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Ақтөбеде Ганконг тұмауы анықталды. Тұрғындардың дене қызуы көтеріліп, жаппай жөтеліп жатыр, деп хабарлайды "Диапазон" ақпараттық порталы.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада Гонконг вирусын жұқтыру жағдайлары бар екенін растады. Бірақ бұл штаммды жаңа деп атауға болмайды.
"Қазіргі уақытта облыста "Гонконг" вирусы деп аталатын А типті тұмау (H3N2) жағдайлары зертханалық түрде анықталды және расталды. Бұл жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде таралатын маусымдық кіші типті вирус. Бұл жаңа вирус емес, ол маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі штаммдарына жатады", - деді Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инфекциялық стационарға күн сайын 5 науқас жатқызылады. Ал аурухананың қабылдау бөлмесі тәулігіне 20 науқасқа қызмет көрсетеді.
"Ауруханада ЖРВИ-мен ауыратын науқастар ғана емес, сонымен қатар ішек инфекциясы, менингит, скарлатина, желшешек бар науқастар да емделіп жатыр. Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында ЖРВИ-мен 14 пациент, оның ішінде 11 бала ем алып жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
12 қарашадағы жағдай бойынша, барлығы 14 науқас ауруханаға жатқызылған, оның 11-і бала. Зертханалық расталған H3N2, яғни Гонконг штаммымен 11 жағдай тіркелген.
Жамбыл облысында 10 бала уланып ауруханаға түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жамбыл облысында инфекция жұқтырған 10 бала ауруханаға түсті
Жаңалықтар
0