https://sputnik.kz/20251114/zhayylymdyq-zherler-auyl-turgyndaryna-beriluge-tiis---toqaev-58767461.html
Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына берілуге тиіс - Тоқаев
Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына берілуге тиіс - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
2022 жылдан бері 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды 14.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-14T13:05+0500
2025-11-14T13:05+0500
2025-11-14T13:24+0500
президент
жайылымдар
жер
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58766504_33:32:1176:675_1920x0_80_0_0_e4b04f33035d08b0d8731b2786a9ec30.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына және нақты жоспары бар инвесторларға берілуге тиістігін айтты.Мемлекет басшысы сондықтан Жолдауда мемлекетке қайтарылған жерді келесі жылдың ортасына дейін түгелдей тұрақты айналымға енгізу туралы тапсырма берілгенін айтты.Әкімдіктердің осы мәселеге қатысты жоспарлары қағаз жүзінде қалып қоймауы керек. Ең бастысы, жер тағы да игерілмей, бос қалмауы қажет. Үкімет қазір мал шаруашылығы саласындағы бизнесті қолдау жоспарын әзірлеп жатыр. Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына және нақты жоспары бар инвесторларға берілуге тиіс. Келесі жылдың ортасында қабылданатын бұл құжатта осы мәселенің шешімдері айқын көрсетілуі керек", - деді Тоқаев.Мемлекет басшысы жерге берілетін кепілдік құнның төмен болуы да тағы бір түйткілді мәселе екенін ескертті. Кадастрлық бағалау жүйесі қазіргі нарықтағы шынайы ахуалға мүлдем сәйкес келмейді. Үкімет бұл мәселеге назар аударуы керек, кадастрлық құнды айқындау тәсілін қайта қарауға тиіс, деді президент.
https://sputnik.kz/20251113/toqaev-putinge-rizashylygyn-bildirdi-58748416.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58766504_74:28:1132:821_1920x0_80_0_0_abbc0be09dfbcd6b319e69cdfb2463f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, жайылымдар, жер
президент, жайылымдар, жер
Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына берілуге тиіс - Тоқаев
13:05 14.11.2025 (жаңартылды: 13:24 14.11.2025) 2022 жылдан бері 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына және нақты жоспары бар инвесторларға берілуге тиістігін айтты.
"Халық жердің игілігін көруі керек. Мен бірнеше жыл бұрын заңсыз алынған және игерілмей бос жатқан жерлерді қайтарып алу туралы нақты тапсырма бердім. Бүгін осы мәселе бойынша министр баяндады. 2022 жылдан бері 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды. Жерді қолынан іс келетін, жұмыс істеуге ниетті азаматтарға беру керек деген тапсырма бірнеше рет айтылды. Алайда, бұл маңызды жұмыс баяу жүргізіліп жатыр", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы сондықтан Жолдауда мемлекетке қайтарылған жерді келесі жылдың ортасына дейін түгелдей тұрақты айналымға енгізу туралы тапсырма берілгенін айтты.
Әкімдіктердің осы мәселеге қатысты жоспарлары қағаз жүзінде қалып қоймауы керек. Ең бастысы, жер тағы да игерілмей, бос қалмауы қажет. Үкімет қазір мал шаруашылығы саласындағы бизнесті қолдау жоспарын әзірлеп жатыр. Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына және нақты жоспары бар инвесторларға берілуге тиіс. Келесі жылдың ортасында қабылданатын бұл құжатта осы мәселенің шешімдері айқын көрсетілуі керек", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жерге берілетін кепілдік құнның төмен болуы да тағы бір түйткілді мәселе екенін ескертті. Кадастрлық бағалау жүйесі қазіргі нарықтағы шынайы ахуалға мүлдем сәйкес келмейді. Үкімет бұл мәселеге назар аударуы керек, кадастрлық құнды айқындау тәсілін қайта қарауға тиіс, деді президент.