Шымкент тұрғыны 12 қабатты ғимараттың шатырында көлігімен қауіпті маневр жасады

© Sputnik / Владислав ВодневТұрғын үй шатыры
Тұрғын үй шатыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Ол мұны әлеуметтік желіде танымал болу үшін жасаған
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Шымкентте қала тұрғыны көпқабатты ғимараттың шатырында көлігімен қауіпті қозғалыс жасаған, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.
Тұрғын көлікті он екі қабатты ғимараттың төбесіне көтеріп, қауіпті маневрлер жасаған.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Заңды өрескел бұзған жүргізуші ұсталды.

"Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзған ер адам 10 тәулікке қамауға алынып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Мұндай ерсі қылықтар тікелей қайғылы жағдайға әкеп соғады", - дейді ведомстводағылар.

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін жасалған мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң және дереу тоқтатылады, деп ескертті полицейлер.
Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
"Өкінемін": Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды
Жаңалықтар
0