https://sputnik.kz/20250722/okinemin-qytayda-prank-zhasagan-qazaqstandyq-bloger-politsiyaga-shaqyryldy-55848249.html
"Өкінемін": Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды
"Өкінемін": Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды
Sputnik Қазақстан
Қыз болған жағдайға өкінетінін білдірді 22.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-22T19:47+0500
2025-07-22T19:47+0500
2025-07-22T19:47+0500
қытай
блогер
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55848084_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_e476322c3a938d1dd8264a0d2537ac44.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Полиция қызметкерлері Қытайдан жақында оралған қызбен профилактикалық әңгіме өткізді, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Бұған әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтер себеп болды.Сонымен қатар ол көшеде және метро станцияларында бейтаныс ер адамдарға жақындап, қолдарынан немесе аяқтарынан ұстап, айналасындағылардың үрейі мен түсінбеушілігін тудырған.Әңгіме барысында қыз болған жағдайға өкінетінін білдірді.Полиция әлеуметтік желілерде материал жариялау кезінде отандастарға да, басқа ел азаматтарына да құрметпен қарау маңызды екенін ескертті. Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда теріс реакция туғызуы мүмкін."Сондай-ақ шетелде жүрген әрбір азамат жергілікті дәстүрді, қоғамдық тәртіп пен сол елде қолданылатын заңдар мен мінез-құлық нормаларын құрметтеуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Бұл нормаларды бұзу құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін", - деп түйіндеді полиция.
https://sputnik.kz/20250716/abay-men-dilda-netken-bolme-degen-bloger-khalyqtan-keshirim-surady-55674570.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55848084_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_01ca9690af784309b6b48276e218e96f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, блогер, полиция
"Өкінемін": Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды
Қыз болған жағдайға өкінетінін білдірді
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Полиция қызметкерлері Қытайдан жақында оралған қызбен профилактикалық әңгіме өткізді, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтер себеп болды.
"Интернетте таралған бейнелердің бірінде ол серігінің қалтасынан ұялы телефонды алып, оны өтіп бара жатқан Қытай азаматтарына береді. Содан кейін телефонды ұрлап кеткенін айтып, сол адамды нұсқайды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ол көшеде және метро станцияларында бейтаныс ер адамдарға жақындап, қолдарынан немесе аяқтарынан ұстап, айналасындағылардың үрейі мен түсінбеушілігін тудырған.
Әңгіме барысында қыз болған жағдайға өкінетінін білдірді.
"Менің видеом біреуді ренжіту мақсатында түсірілмеген. Бұл ойланбай жарияланған материал болды. Видеом біреуге жағымсыз әсер етсе, кешірім сұраймын. Енді контентті жариялау мәселесіне мұқият қараймын", – деді ол.
Полиция әлеуметтік желілерде материал жариялау кезінде отандастарға да, басқа ел азаматтарына да құрметпен қарау маңызды екенін ескертті. Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда теріс реакция туғызуы мүмкін.
"Сондай-ақ шетелде жүрген әрбір азамат жергілікті дәстүрді, қоғамдық тәртіп пен сол елде қолданылатын заңдар мен мінез-құлық нормаларын құрметтеуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Бұл нормаларды бұзу құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін", - деп түйіндеді полиция.