https://sputnik.kz/20251114/futbol-alanyn-bosatudy-talap-etken-aqtobede-oqushyny-mektep-aumagynda-soqqyga-zhyqty-58762355.html
Футбол алаңын босатуды талап еткен: Ақтөбеде оқушыны мектеп аумағында соққыға жықты
Футбол алаңын босатуды талап еткен: Ақтөбеде оқушыны мектеп аумағында соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
Бала жерде бір сағаттай жатып, содан кейін ғана үйіне жете алған 14.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-14T11:53+0500
2025-11-14T11:53+0500
2025-11-14T11:55+0500
ақтөбе
оқушы
соққы
https://sputnik.kz/img/344/29/3442967_0:106:2017:1240_1920x0_80_0_0_80fdc09b04106931141d7c14c395b31d.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 5-сынып оқушысын мектеп аумағында жоғары сынып оқушысы ұрып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға 6 қазан күні кешкі уақытта болған.Анасының айтуынша, орта мектеп оқушылары футбол алаңын босатуды талап етіп, олардың бірі бесінші сынып оқушысын қатты ұрып-соққан. Соққы жеген оқушы есінен танып қалған. Бала жерде бір сағаттай жатып, содан кейін ғана үйіне жете алған. Ауруханада оған ота жасалған.Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сұрап көрді.Ал баланы ұрған оқушы есепке алынған."Оқушы мектепішілік есепке қойылды. Полиция бұл істі орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеп жатыр, ал оның ата-анасы тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20251017/qyzylordada-oqushyny-azhetkhanada-uryp-soqqan-qylmystyq-is-qozgaldy-57995921.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/344/29/3442967_110:0:1905:1346_1920x0_80_0_0_cd87a4e9544a8925c114dcaf0d8c9e0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, оқушы, соққы
Футбол алаңын босатуды талап еткен: Ақтөбеде оқушыны мектеп аумағында соққыға жықты
11:53 14.11.2025 (жаңартылды: 11:55 14.11.2025) Бала жерде бір сағаттай жатып, содан кейін ғана үйіне жете алған
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 5-сынып оқушысын мектеп аумағында жоғары сынып оқушысы ұрып тастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға 6 қазан күні кешкі уақытта болған.
Анасының айтуынша, орта мектеп оқушылары футбол алаңын босатуды талап етіп, олардың бірі бесінші сынып оқушысын қатты ұрып-соққан. Соққы жеген оқушы есінен танып қалған. Бала жерде бір сағаттай жатып, содан кейін ғана үйіне жете алған. Ауруханада оған ота жасалған.
Мәселенің мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сұрап көрді.
"2015 жылы туған бала 7 қазанда ауруханаға жеткізілді. Травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жедел емдеу жүргізілді. Науқас одан әрі амбулаториялық емдеуге шығарылды", - дейді ведомстводағылар.
Ал баланы ұрған оқушы есепке алынған.
"Оқушы мектепішілік есепке қойылды. Полиция бұл істі орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеп жатыр, ал оның ата-анасы тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.