Қызылордада оқушыны әжетханада ұрып-соққан: қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Табылды КадырбековЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Күдікті ретінде кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізілді
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Қызылордада 10 сынып оқушысын қатарластары ұрып соққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
10 сынып оқушыларының әжетханада таяқ жегені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ақпаратта оқушының анасы баласының ауыр соққы алғанын жазған. Оқиға 8 қазанда болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Адамдар тобымен жасалған бұзақылық дерегі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ретінде кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізілді", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Сондай-ақ кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Бейнеуде жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала ажал құшты
Жаңалықтар
0