https://sputnik.kz/20251114/auyl-sharuashylygyna-arnalgan-zhenildetilgen-nesie-kolemi-algash-ret-1-trln-tengeden-asty-58768954.html
Ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты
Ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты
Sputnik Қазақстан
Бұл – осыдан 5 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе артық көрсеткіш 14.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-14T13:38+0500
2025-11-14T13:38+0500
2025-11-14T13:39+0500
президент
техника
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101559_0:31:1280:751_1920x0_80_0_0_3446d19ab7d05f97d6794d5c4eaf0daa.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие көлемі ел тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден асқанын мәлімдеді.Мемлекет басшысы несие қолжетімді болуы үшін банктерге құзырлы мекеме тарапынан кепілдік беру тәсілі енгізілгенін еске салды. Биыл "Даму" қоры 1300 несиеге кепілдік берді. Сөйтіп несие алуға мүлкі жеткіліксіз көптеген шаруаның, әсіресе, шағын және орта деңгейдегі фермерлердің мәселесі оң шешімін тапқан."Елімізде өндірілетін техника жеңілдетілген лизингпен беріле бастады. Бұл әбден ескірген техниканы жаңартуға арналған өте тиімді шешім болды. Төрт жыл бұрын ауыл шаруашылығы техникаларының 90 пайызы тозып тұрған еді. Бұл көрсеткіш биыл 70 пайызға дейін төмендеді. Осы бағыттағы жұмысты бизнес өкілдерімен бірлесіп, әрі қарай жалғастыру қажет", - деді Тоқаев.Қазір шаруалар алып жатқан техниканың 90 пайызы Қазақстанда шығарылған және еліміздегі 10 зауытта осындай 19 түрлі техника құрастырылады.
https://sputnik.kz/20250620/qazaqstanda-balalarga-meditsinalyq-komekti-qarzhylandyru-5754-mlrd-tengege-deyin-osti-54945135.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101559_119:0:1162:782_1920x0_80_0_0_e346d9ab5db8dff77b4b7501d71b5a6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, техника, қаржыландыру
президент, техника, қаржыландыру
Ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты
13:38 14.11.2025 (жаңартылды: 13:39 14.11.2025) Бұл – осыдан 5 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе артық көрсеткіш
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие көлемі ел тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден асқанын мәлімдеді.
"Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру тәсілдерін жетілдіру керек. Биыл ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие көлемі ел тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Бұл – осыдан 5 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе артық көрсеткіш", - деді президент.
Мемлекет басшысы несие қолжетімді болуы үшін банктерге құзырлы мекеме тарапынан кепілдік беру тәсілі енгізілгенін еске салды. Биыл "Даму" қоры 1300 несиеге кепілдік берді. Сөйтіп несие алуға мүлкі жеткіліксіз көптеген шаруаның, әсіресе, шағын және орта деңгейдегі фермерлердің мәселесі оң шешімін тапқан.
"Елімізде өндірілетін техника жеңілдетілген лизингпен беріле бастады. Бұл әбден ескірген техниканы жаңартуға арналған өте тиімді шешім болды. Төрт жыл бұрын ауыл шаруашылығы техникаларының 90 пайызы тозып тұрған еді. Бұл көрсеткіш биыл 70 пайызға дейін төмендеді. Осы бағыттағы жұмысты бизнес өкілдерімен бірлесіп, әрі қарай жалғастыру қажет", - деді Тоқаев.
Қазір шаруалар алып жатқан техниканың 90 пайызы Қазақстанда шығарылған және еліміздегі 10 зауытта осындай 19 түрлі техника құрастырылады.