Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру 575,4 млрд теңгеге дейін өсті

© PhotoБала ауруханада
Бала ауруханада - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру 2 есеге дейін өсті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, бұл сома 264 млрд теңгеден 575,4 млрд теңгеге дейін артқан.
2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады.
"Қазіргі заманғы технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуының арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті", - депжазылған хабаарламада.
Министрлік 2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджеттің есебінен есту аппараттары мен аудио процессорларды алатынын хабарлады.
Онкогематологиялық көмекті дамыту аясында елімізде жыл сайын 5 мың бала ем алады. Балалардың қатерлі ісіктері кезінде жалпы өмір сүру деңгейі 75%-дан асты. Сонымен қатар, шетелде балаларды емдеуге жолдама 2 есе азайды. Себебі, мұндай көмек Қазақстанда қолжетімді.
Шұғыл көмек көрсету аясында санавиация орталығы ауыр асқынулары мен жарақаттары бар 3 мыңнан астам әйел мен балаға қызмет көрсетті. 2024 жылы медавиацияның мобилдік бригадалары 750-ден астам ұшуды (жүкті әйелдер – 165, балалар-588) орындады,647 бала мен 127 жүкті әйел тасымалданды.
Жаңалықтар
0