"Бәйтерек" кешені және сирек металдар: келіссөзден кейін президенттер не айтты

© POOL / Медиабанкке өтуПереговоры президента Владимира Путина и президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева
Переговоры президента Владимира Путина и президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Қазақстан мен Ресей басшылары бірнеше сағаттық келіссөздің нәтижесін жариялады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин келіссөзден кейінгі мәлімдемесінде қазақстандық-ресейлік "Бәйтерек" кешенінен алғашқы зымыран тасығыш 2025 жылдың соңына дейін ұшырылады деп мәлімдеді.
"Союз-5" зымыран тасығышын ұшыруға арналған жаңа әскери ғарыш кешенін салуды көздейтін "Бәйтерек" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мен "Бәйтеректен" алғашқы зымыран тасығыш осы жылдың соңына дейін ұшырылады деген ойдамын", - деді Путин.
Ол Ресей мен Қазақстан ғарыш саласында белсенді ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын атап өтті.
"Ғарыштық зерттеулер саласында тығыз ынтымақтастық орнаған. Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану жалғасып жатыр", - деді ол.
Биыл Байқоңыр 70 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп жалғастырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы да маңызды оқиға болды. Бұл көптеген жыл бойы ғарышты игерудегі ғылыми және техникалық ынтымақтастығымызды паш ететін бірегей жоба", - деді ол.

Көлік және сирек кездесетін металдар

Президенттер көлік дәлізін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
"Ресей мен Қазақстанда негізгі еуразиялық көлік бағдарларының желісі орналасқан. Біздің елдер автокөлік шекара өткелдерінің өткізу қабілетін арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр", - деді Путин.
Тоқаевтың айтуынша, тараптар "Солтүстік – Оңтүстік", Транскаспий халықаралық көлік бағыты, Аягөз – Бақты, Достық – Мойынты теміржол желілері және басқа да бірқатар бағыт бойынша көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен кеңейтуге, сондай-ақ "Трансалтай диалогы" бастамасын ілгерілетуге келісті.
Владимир Путин екі елдің сирек жер металдарын өндіру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жоспарын атап өтті.
"Химия өнеркәсібі мен сирек жер металдарын өндіру саласындағы ынтымақтастықты оңтайландыру жөніндегі жоспарлар талқыланып жатыр", — деді Путин.
Токаев и Путин подписали Декларацию о всеобъемлющем стратегическом партнерстве и союзничестве России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Тоқаев пен Путин стратегиялық серіктестік және одақтастық жөніндегі декларацияға қол қойды
Жаңалықтар
0