https://sputnik.kz/20251111/zhylytu-mausymynda-apat-qaupin-25-ga-tomendetetin-tsifrlyq-servis-azirlenip-zhatyr-58624596.html
Жылыту маусымында апат қаупін 25%-ға төмендететін цифрлық сервис әзірленіп жатыр
Жылыту маусымында апат қаупін 25%-ға төмендететін цифрлық сервис әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезеңде сервис 63 субъектіні, 83 генерация нысанын және 1 600-ден астам өңделген құжатты қамтиды 11.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-11T08:38+0500
2025-11-11T08:38+0500
2025-11-11T08:38+0500
министрлік
жылыту
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46538753_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_188a25f33bc051a5c7292d16cfcdffd9.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Энергетика министрлігі отын-энергетикалық кешенін басқарудың сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізіп жатыр.Ведомство хабарлағандай, цифрландыру нәтижесінде жылыту маусымындағы апаттылық тәуекелі 25%-ға азаяды.Қазіргі уақытта министрлік "Отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (EnergyTech) атты салалық платформаны жүзеге асырып жатыр.Бүгінгі таңда жеті цифрлық сервис жұмыс істеп жатыр, оның екеуі энергетика секторында: күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын мониторингтеу бойынша цифрлық сервис; шекті тарифтерді бекітуге арналған цифрлық сервис.2025 жылы күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын бақылау жөніндегі салалық сервис тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Келесі кезең – қағаз түріндегі ақау журналдарынан цифрлық тізілімдерге көшу, бұл бақылау сапасын арттырып, шешім қабылдау тиімділігін жоғарылатады. Күтілетін нәтиже: жылыту маусымына дайындықты бақылау мерзімін 90 күнге дейін қысқарту; жылыту маусымындағы апаттылық тәуекелін 25%-ға төмендету.Қазіргі кезеңде сервис 63 субъектіні, 83 генерация нысанын және 1 600-ден астам өңделген құжатты қамтиды.
https://sputnik.kz/20250904/tsifrlandyru-natizhesinde-28-mlrd-tengeden-astam-qarazhat-kolenkeli-ekonomikadan-shygaryldy-56802317.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46538753_34:0:1234:900_1920x0_80_0_0_4352ce21c61438736b6a7bdfb67437c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жылыту, цифрландыру
министрлік, жылыту, цифрландыру
Жылыту маусымында апат қаупін 25%-ға төмендететін цифрлық сервис әзірленіп жатыр
Қазіргі кезеңде сервис 63 субъектіні, 83 генерация нысанын және 1 600-ден астам өңделген құжатты қамтиды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Энергетика министрлігі отын-энергетикалық кешенін басқарудың сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізіп жатыр.
Ведомство хабарлағандай, цифрландыру нәтижесінде жылыту маусымындағы апаттылық тәуекелі 25%-ға азаяды.
Қазіргі уақытта министрлік "Отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (EnergyTech) атты салалық платформаны жүзеге асырып жатыр.
"EnergyTech платформасы QazTech стандарттарына сәйкес әзірленген бірыңғай цифрлық шешім негізінде энергетика, жер қойнауын пайдалану, қайта өңдеу және көмір өнеркәсібі сияқты ӨЭК-тің барлық салаларын біріктіреді. Платформаны толық көлемде іске асыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026–2027 жылдары жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда жеті цифрлық сервис жұмыс істеп жатыр, оның екеуі энергетика секторында: күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын мониторингтеу бойынша цифрлық сервис; шекті тарифтерді бекітуге арналған цифрлық сервис.
2025 жылы күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын бақылау жөніндегі салалық сервис тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Келесі кезең – қағаз түріндегі ақау журналдарынан цифрлық тізілімдерге көшу, бұл бақылау сапасын арттырып, шешім қабылдау тиімділігін жоғарылатады. Күтілетін нәтиже: жылыту маусымына дайындықты бақылау мерзімін 90 күнге дейін қысқарту; жылыту маусымындағы апаттылық тәуекелін 25%-ға төмендету.
Қазіргі кезеңде сервис 63 субъектіні, 83 генерация нысанын және 1 600-ден астам өңделген құжатты қамтиды.