Цифрландыру нәтижесінде 28 млрд теңгеден астам қаражат көлеңкелі экономикадан шығарылды

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаЗдание правительства Казахстана
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Жазылу
Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі 51,3 млрд теңгені құрады
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. 2021 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ауқымды цифрлық трансформация министрліктерде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және әкімшілік пен сыбайлас жемқорлық кедергілерді азайтуға ықпал етті, деп хабарлады үкімет.
Бұл көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарып, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі 51,3 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 20 есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлық және әкімшілік кедергілер төмендеді.
"Қазақстан цифрландыру бойынша әлемдегі 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Қазір мемлекеттік қызметтердің 92%-ын онлайн алуға болады", — деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Үкімет хабарлауынша, салаларды цифрлық трансформациялау аясында QazTech ұлттық платформасы әзірленді, ол цифрлық өнімдерді жедел жасауға арналған. Бұл модель жаңа ІТ-шешімдерді енгізу мерзімін 1,5–3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда QazTech платформасында мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы, Smart Bridge, Ұлттық экологиялық деректер қоры жұмыс істеп тұр.
Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Ұлттық қордың қаржысы екі есе өседі – үкімет
Жаңалықтар
0