Ұлттық қордың қаржысы екі есе өседі – үкімет

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги тенге монеты
Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2035 жылы 109,9 млрд доллар болады деп болжанып отыр
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Үкімет алдағы он жылда ұлттық қордың қаржысы қаншаға өсетінін есептеп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2026-2035 жылдарға арналған болжамға сәйкес, биыл қордың қаражаты 57,2 млрд долларға дейін өседі. Ал келесі жылы 60,8 млрд болады.
"Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2035 жылы 109,9 млрд долларға дейін өседі деп болжанып отыр", - деді вице-премьер Серік Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бюджет қағидасын ескере отырып, жыл сайын 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.
Айта кетері, ұлттық қордың қаржысы ұлғайған сайын "Ұлттық қор – балаларға" аясында берілетін қаражаттың көлемі де артады. Себебі жалпы қаржының инвестициялық кірісі өседі.
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
2026 жылы инфляция қай деңгейде болады – үкімет болжамы
Жаңалықтар
0